ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН ШЕКТЕРІ

Осы біріктірілген есептің мақсаты оқырманды біздің қызметіміздің барлық
маңызды жақтары туралы хабардар ету болып табылады

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі — Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) инвесторларға және басқа да мүдделі тараптарға Компания өзінің даму стратегиясын қалай қалыптастырғанын, оның өз активтерін қалай басқаратынын, қажетті қаржылық көрсеткіштерге жететінін, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты қызметті қамтамасыз ететінін және акционерлер мен оның қызметіне мүдделі барлық тараптар үшін генерациялауға ұмтылатын құн жасау бойынша жұмыс істейтінін түсінуде барынша жәрдем көрсету мақсатын қояды. Осы есепте Компанияның қызметі туралы төменде тізбеленген сұрақтарға жауаптар берілген.

  • Компания, оның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдары немен айналысады?
  • Компания қызметін жүзеге асыру жағдайлары қандай?
  • Компанияның корпоративтік басқару құрылымы мүдделі тараптар үшін қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада қандай жолмен құнды генерациялауға мүмкіндік береді?
  • Компанияның бизнес-моделі қандай?
  • Компанияның қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада мүдделі тараптар үшін құнды жасау қабілетіне әсер ететін негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер қандай және оларды басқару қалай жүзеге асырылады?
  • Компанияның маңызды мақсаттары мен міндеттері неде және оларға қалай қол жеткізіп, жүзеге асыруға ниеттенеді?
  • Ұйым есепті кезеңде өз мақсаттары мен міндеттеріне қандай дәрежеде қол жеткізді және бұл мүдделі тараптар үшін Компанияның құнына қалай әсер етті?
  • Компанияның даму стратегиясын жүзеге асыру барысында кездесетін негізгі сын-қатерлер мен белгісіздіктер қандай және олар Компанияның бизнес-моделі мен болашақ көрсеткіштеріне қалай әсер етуі мүмкін?
KZ RU EN