Компанияның ЕТҰ-да тұрақты даму тәжірибесінің кемелдену деңгейіне диагностика жүргізілді
Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ стейкхолдерлерінің картасы жаңартылды
Корпоративтік орталықта тұрақты даму жүйесін енгізу бойынша жұмыстар мен шығындарға талдау жүргізілді
Корпоративтік декарбонизация стратегиясын әзірлеу және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша жобаны іске асыру үшін жұмыс тобы жұмыс істеді
Sustainalytics, MSCI, SP Global әдіснамасын пайдалана отырып, ESG-рейтингтер талаптарына сәйкестікті жоғары деңгейлі бағалау жүргізілді
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тұрақты дамуға өз үлесін қосуда, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайданы қамтамасыз етуге және көбейтуге ұмтылуда. Компания барынша қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ету және өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін қысқарту кезінде тұрақты өсуге бағытталған.
Компания БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін қолдайды және оларды өз қызметіне табысты кіріктіре отырып, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. БҰҰ ОДМ шеңберінде Қазатомөнеркәсіп үшін салалық бағыт пен Компанияның стратегиясына, мүдделі тараптардың мүдделеріне барынша сәйкес келетін бірқатар бағдарлар ерекше өзекті.
Тұрақты даму саласындағы қызметтің басым бағыттарын айқындау кезінде Қазатомөнеркәсіп БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттарын, сондай-ақ осы саладағы басқа да халықаралық стандарттар мен бастамалардың ережелерін басшылыққа алады.
Тұрақты даму саласындағы құжаттар жүйесі
Стратегиялық құжаттар |
|
Саясат пен кодекстер |
|
Корпоративтік стандарттар мен ережелер |
|
Ережелер мен рәсімдер |
|
Үздік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын шешімдер қабылдау процестері мен операциялық қызметпен ұштастырады.
Қазатомөнеркәсіптегі қолданыстағы басқару жүйесі тәуекелдерді басқару жүйесін де қамтиды. Компания тәуекелдерді уақтылы анықтау және бағалау, сондай-ақ оларға барабар ден қою басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді шешімдер қабылдауға және Компания қызметінің стратегиялық мақсаттары мен негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді. Осыған байланысты 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алғаш рет тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді атап өтті.
Толығырақ «Корпоративтік басқару және этика» тарауын, «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау» бөлімшесін қараңыз
Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамудың әртүрлі аспектілерін реттейтін ішкі саясатты әзірлей және енгізе отырып, сондай-ақ орнықты даму қағидаттарын өзінің корпоративтік басқару жүйесіне біріктіре отырып, тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік практикасын жетілдіруді одан әрі де жалғастыруды жоспарлауда.
2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның біріктірілген жылдық есебі 2020 жылға қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп болып танылды, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының (KASE) 2020 жылдың қорытындылары бойынша жылдық есептер байқауының «Жылдық есептің үздік интерактивті нұсқасы» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан PwC бағалауы бойынша ESG-ақпараттың толықтығы мен сапасы бойынша үздік 10 қазақстандық компания арасында көшбасшылар үштігіне кірді. Компания 2020 жылға арналған біріктірілген жылдық есепте ESG ақпаратын ашу саласындағы жетістіктері үшін 2 орын дипломымен марапатталды.
Тұрақты даму саласындағы стандарттар мен бастамаларды қолдау
Стандарт/бастама | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуы |
---|---|
БҰҰ, Халықаралық еңбек ұйымы конвенциялары | Қолдау туралы мәлімдейміз, ішкі корпоративтік құжаттарда ескереміз |
БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы мақсаттары | Қолдау туралы мәлімдейміз, ағымдағы қызметте ескереміз және есеп береміз |
БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясының (UNCTAD) тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі көрсеткіштері | Есеп береміз |
Қазатомөнеркәсіп БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің құндылықтарын толық бөліседі. Компания БҰҰ-ның барлық 17 ОДМ-ның маңыздылығын мойындайды және өз қызметі шеңберінде олардың жетістіктеріне сүбелі үлес қосуға ұмтылады. Біздің қызметіміздің ерекшелігіне байланысты біз өзіміз үшін БҰҰ-ның 6 басым ОДМ айқындадық, оларға қол жеткізуге Компания барынша елеулі үлес қосады.
салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдардың әл-ауқатына жәрдемдесу
жалпыға бірдей қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету
барлығына лайықты, үдемелі, жан-жақты қамтитын және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
барлығын қамтитын тұрақты инфрақұрылым құру және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету
климаттың өзгеруі және оның салдарымен күресу бойынша шұғыл шаралар қабылдау
Төмендегі кестеде БҰҰ-ның әрбір басым ОДМ шеңберіндегі Компания қызметінің қысқаша сипаттамасы берілген. Әр мақсат бойынша 2021 жылы іске асырылған жобалар мен бастамалар туралы толығырақ ақпарат есептің тақырыптық бөлімдерінде келтірілген.
ТМД БҰҰ | БҰҰ ТМД міндеттері | 2021 негізгі нәтижелер |
---|---|---|
![]() | 3.4 2030 жылға қарай профилактика және емдеу, психикалық денсаулықты сақтау арқылы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді үштен бірге азайту |
|
3.6 2020 жылға қарай бүкіл әлемде жолкөлік оқиғаларынан болатын өлім мен жарақат санын екі есе азайту |
| |
3.9 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттар мен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануы салдарынан туындайтын өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімі, «Әлеуметтік жауапкершілік», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бөлімшелерінде | ||
![]() | 7.1 2030 жылға қарай арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету |
|
7.3 2030 жылға қарай энергия тиімділігін арттырудың жаһандық көрсеткішін екі еселеу |
| |
7.a 2030 жылға қарай жаңартылатын энергетиканы қоса алғанда, экологиялық таза энергетика саласындағы зерттеулер мен технологияларға қол жеткізуді жеңілдету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру энергия тиімділігін және қазбалы отынды пайдаланудың алдыңғы қатарлы неғұрлым таза технологияларыын арттыру, және энергетикалық инфрақұрылым мен экологиялық таза энергетика технологияларына инвестицияларды көтермелеу |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Климаттың өзгеруі және «Энергия тиімділігі», «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімшелерінде | ||
![]() | 8.2 Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде қосылған құны жоғары секторларға және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару арқылы экономикадағы өнімділікті арттыруға қол жеткізу |
|
8.4 2030 жылдың соңына дейінгі бүкіл мерзім ішінде тұтыну мен өндіріс жүйелеріндегі ресурстарды пайдаланудың жаһандық тиімділігін біртіндеп арттыру және тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін пайдалануға көшу жөніндегі іс-қимылдардың он жылдық Стратегиясында көзделгендей, экономикалық өсу қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауымен қатар жүрмейтіндігіне ұмтылу, бұл ретте бірінші болып дамыған елдер айналысуға тиіс |
| |
8.5 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер, оның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және нәтижелі жұмыспен қамтуды және лайықты жұмысты және құндылығы бірдей еңбек үшін тең ақы төлеумен қамтамасыз ету |
| |
8.8 Еңбек құқықтарын қорғау және еңбекші көшіп-қонушыларды қоса алғанда, барлық еңбекшілер, әсіресе көшіп-қонушы әйелдер мен тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Әлеуметтік-экономикалық үлес», «Әлеуметтік жауапкершілік», «Сатып алу қызметі» бөлімшелерінде | ||
![]() | 9.1 Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, барлық адамдар үшін арзан әрі тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді және орнықты инфрақұрылымды дамыту |
|
9.4 2030 жылға қарай ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен қолдану есебінен оларды тұрақты ете отырып, жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау |
| |
9.5 Ғылыми зерттеулерді жандандыру, барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және 1 млн адамға есептегенде ҒЗТКЖ саласындағы қызметкерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға арналған мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір ұлғайту жолымен ынталандыру |
| |
9.b Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулер мен инновацияларды, оның ішінде өнеркәсіпті әртараптандыру және шикізат салаларында қосылған құнды ұлғайту арқылы қолайлы саяси ахуал құру арқылы қолдау |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Әлеуметтік-экономикалық үлес», «Әлеуметтік жауапкершілік», «Ғылым және инновациялар» бөлімшесі | ||
![]() | 12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды ұтымды игеруге және тиімді пайдалануға қол жеткізу |
|
12.4 2020 жылға қарай келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттар мен барлық қалдықтарды оларды қолданудың барлық кезеңдерінде экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін едәуір азайту |
| |
12.5 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау жолымен олардың көлемін едәуір азайту |
| |
12.6 Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануды және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуді ұсыну |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Қоршаған ортаны қорғау», «Ғылым және инновациялар» бөлімшелері | ||
![]() | 13.1 Барлық елдерде қауіпті климаттық құбылыстар мен табиғи апаттарға қарсы тұру және бейімделу қабілетін арттыру |
|
13.3 Климаттық өзгерістердің өткірлігін жұмсарту және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша оқу-ағартуды,і, ақпарат таратуды, адамдар мен мекемелердің мүмкіндіктерін жақсарту |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Климаттың өзгеруі және энергия тиімділігі» бөлімшелері |
Есепті кезеңде Компания екінші басымдықтың мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуды жүзеге асыруды жалғастырды.
ТМД БҰҰ | БҰҰ ТМД міндеттері | 2021 негізгі нәтижелер |
---|---|---|
![]() | 4.4 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс алу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті дағдыларға, оның ішінде кәсіптік-техникалық дағдыларға ие жас және ересек адамдардың санын едәуір ұлғайту |
|
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Әлеуметтік жауапкершілік» бөлімшелері | ||
![]() | 6.3 2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтардың тасталуын жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған сарқынды сулардың үлесін екі есе азайту және рециркуляция ауқымын едәуір ұлғайту және сарқынды суларды бүкіл әлемде қауіпсіз қайта пайдалану арқылы судың сапасын арттыру |
|
6.4 2030 жылға қарай барлық секторларда су пайдаланудың тиімділігін елеулі түрде арттыру және су тапшылығы проблемасын шешу және су тапшылығынан зардап шегетін адамдар санын едәуір қысқарту үшін тұщы суды тұрақты алу мен беруді қамтамасыз ету |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Қоршаған ортаны қорғау» кіші бөлімдері | ||
![]() | 10.2 2030 жылға қарай жасына, жынысына, мүгедектігіне, нәсіліне, ұлтына, тегіне, дініне және экономикалық немесе өзге мәртебесіне қарамастан барлық адамдардың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу |
|
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «әлеуметтік жауапкершілік» бөлімшесі, «Корпоративтік басқару» бөлімінің «Корпоративтік этика және комплаенс» бөлімшесі | ||
![]() | 15.1 2020 жылға қарай халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес жерүсті және ішкі тұщы су экожүйелері мен олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, таулар мен қуаң жерлерді сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету |
|
15.5 Табиғи мекендеу ортасының азып-тозуын тежеу жөнінде дереу маңызды шаралар қабылдау, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және 2020 жылға қарай жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және олардың жоғалып кетуінің алдын алуды қамтамасыз ету |
| |
Толығырақ: «Тұрақты даму» бөлімінің «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімшелері | ||
![]() | 16.5 Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың барлық нысандарындағы ауқымын едәуір қысқарту |
|
Толығырақ: «Корпоративтік басқару» бөлімінің «Корпоративтік этика және комплаенс» бөлімшесі | ||
![]() | 17.16 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологиялар мен қаржы ресурстарын жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Жаһандық әріптестігін нығайту |
|
Толығырақ: «Компания портреті» бөлімінің «Қауымдастықтардағы серіктестік пен мүшелік» бөлімшесі |
аударды Қазатомөнеркәсіп әлеуметтікэкономикалық дамуға арналған жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша міндеттемелерді орындау аясында
көлеміндегі инвестиция бөлді әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға
Қазатомөнеркәсіп ірі компания бола отырып, қоршаған орта мен жергілікті қоғамдастықтардың өміріне елеулі әсер етеді. Компанияның өндіруші және өндірістік қуаттары бар аумақтарына Қазақстанның 5 өңірі – Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Қазатомөнеркәсіп бизнестің ұзақ мерзімді жетістігі қатысатын өңірлерде және тұтастай алғанда елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынаста болуда, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты екенін түсінеді.
Сыртқы әлеуметтік саясатты басқаруға және жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуге жетекшілік ететін басшы – HR және трансформация жөніндегі Бас директор жауап береді.
2021 жылы Компания қатысатын өңірлермен ұзақ мерзімді жемісті қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге және әлеуметтік жауапты Компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде іске асырды.
Қазатомөнеркәсіп өзінің қатысуы бар өңірлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуына мыналар есебінен елеулі үлес қосуда:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қатысу өңірлерін дамытуға қосқан экономикалық үлесінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Салық және міндетті төлемдер төленді, млрд теңге | 102,4 | 116,5 | 153,0 |
Дивидендтер төленді, млрд теңге | 80,0 | 99,0 | 150,1 |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы, теңге/ай | 320 828 | 331 380 | 370 894 |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының ҚР-дағы орташа жалақыға қатынасы | 1,7 | 1,6 | 1,5 |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтік шығыстары, млн теңге | 3 044 | 3 494 | 3 451 |
Түсімдегі әлеуметтік шығыстардың үлесі, % | 0,6 | 0,6 | 0,5 |
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы қаңтардағы шешімімен Қордың қайырымдылық саясаты мен Қордың қайырымдылық бағдарламасы бекітілді, оған сәйкес Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырады.
Жергілікті қоғамдастықтарды қолдау мақсатында компанияның кейбір еншілес және тәуелді қоғамдарының әлеуметтік бастамаларды өз бетінше іске асыру мүмкіндігі бар. ЕТҰ өзаймақтарындағы жыл сайынғы қайырымдылық акцияларына және мәдени өмірге қатысады, соның ішінде балалар үйінің балаларына, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетеді, аудандық абаттандыру мәселелерін шешуде халыққа әлеуметтік қолдау көрсетеді, экологиялық іс-шаралар мен сенбіліктерге, қоғамдық іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыруға белсенді қатысады.
Бұдан басқа, ЕТҰ-да Компанияның қайырымдылық және демеушілік қызметі шеңберінде қоғамдастықтарды дамыту бағдарламалары іске асырылуда. Аталған бағдарламалар жергілікті қоғамдастықтың және халықтың осал топтарының сұраныстарына сүйене отырып, әкімдікті, өзі ұсынылған «ақсақалдар кеңесін» және волонтерлерді тарту арқылы бастамашылық етіледі. Компанияда жедел желі қызметі жұмыс істейді, ол арқылы сыртқы мүдделі тараптардан сұрау салулар қабылданады.
Қоғам кәсіпорындары жыл сайын қоғам қатысатын өңірлерді әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамытуға, оның ішінде Қоғам қызметкерлері мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің тұратын өңірлерінде өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырады.
2021 жылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске қосылды, олардың ішінде жедел жәрдем станциясының, балалардың ойын және спорт алаңдарының құрылысы, оқу жабдықтарын сатып алу, елді мекендерді абаттандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына: көмір, азық-түлік себеттерін, мектеп керек-жарақтарын, жаңа жылдық сыйлықтарды әперу, сондай-ақ басқа да бірқатар әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік маңызды бастамалар бар.
2021 жылы сыртқы әлеуметтік бағдарламаларға инвестициялар, млн теңге
Бағыты | Инвестициялар көлемі |
---|---|
Өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту | 479,7 |
Білім беруді қолдау | 109,3 |
Спортты қолдау | 136,5 |
Мәдениетті қолдау | 14,1 |
Денсаулық сақтауды қолдау | 1,0 |
Қайырымдылық | 110,3 |
Осы саладағы жобалар Денсаулық сақтау мекемелерін дамытуға, оның ішінде медициналық жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыр науқастарға атаулы көмек көрсетуге: қымбат тұратын операцияларды төлеуге, дәрі-дәрмектерді сатып алуға және оңалтуға бағытталған.
Есепті кезеңде «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ҮМЗ азот-сутегі-оттегі станциясында COVID-19 бар пациенттерді емдеуге арналған стационарлар жұмыс істейтін Өскемендегі үш медициналық мекемеге сұйық оттегі жеткізуді ұйымдастырды.
2021 жылдың маусым айында «КАТКО» БК ЖШС Түркістан облысы әкімдігімен 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Қазатомөнеркәсіптің әлеуметтік саясатына енгізілген ғылым мен білім беруді дамытудың басты бағыттары өңірлердегі оқу орындарын жан-жақты қолдау және оларға көмек көрсету болып табылады.
2020 жылы «КАТКО» БК ЖШС 2020-2025 жылдарға арналған Стратегияның жол картасы шеңберінде бірқатар жобаларды әзірледі. Осындай жобалардың ішінде Созақ ауданының оқушылары мен студенттеріне білім беру және қолдау көрсету бар. Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын осы өңірдің 10 студенті ай сайын 50 000 теңге көлемінде стипендия алады – бұл болашақ инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. сондай-ақ 2021 жылы кәсіпорын қызметкерлердің балалары болып табылатын 18 студенттіңжоғары білім алуына көмек көрсетті. «КАТКО» БК ЖШС олардың оқуын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы энергетикалық сектор мамандықтары бойынша төлейді.
Созақ ауданының әкімдігімен ынтымақтастықта 20202021 жылдары «КАТКО» БК ЖШС Созақ ауданының 14 мектебінде мультимедиа, биология және физика кабинеттерін толық жабдықтау үшін жалпы сомасы 142 млн теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Сондай-ақ, Компания National Geographic Qazaqstan журналымен ынтымақтаса бастады және Түркістан қаласы мен Созақ ауданының 74 мектебіне аталмыш журналға жазылымға көмектесті. Ынтымақтастық шеңберінде журнал редакциясы мұғалімдер мен оқушылар үшін экологиялық ағарту тақырыбында қазақ тілінде онлайн-семинарлар өткізеді.
Сондай-ақ, «КАТКО» БК ЖШС ауданның 7 мектебінде жалпы сомасы 67,5 млн теңгеге мультимедиа кабинеттерін толық жабдықтауды қаржыландырды.
2021 жылы Қазатомөнеркәсіптің жас мамандар кеңесі компания орналасқан өңірлердің елді мекендерінде орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін көшбасшылық әлеуетті дамыту жөніндегі онлайн-лагерь ұйымдастырды. Іс-шаралар Атом холдингінің қызметі туралы ақпараттандыру, сондай-ақ оқушылардың эмоционалды интеллектісін, жеке және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
Бағдарламаға № Ш.Уәлиханов атындағы 127 мектептің 9-11 сыныптарынан 50-ге жуық оқушы (Қызылорда облысы, Шиелі кенті) және № 164 орта мектебінің 30 оқушысы (Қызылорда облысы, Құттықожа ауылы), сондай-ақ И.Кеңесбаев атындағы (Түркістан облысы, Таукент кенті) және А. Л.Бөкенов атындағы (Түркістан облысы, Қыземшек кенті) мектептердің әрқайсысынан 50 оқушыдан қатысты.
Қатысу аумақтарының өзекті проблемаларын анықтау және оларды шешуге жәрдемдесу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту да Қазатомөнеркәсіптің сыртқы әлеуметтік бағдарламаларының басым бағыттарының қатарында.
2021 жылдың қыркүйек айының басында Қазатомөнеркәсіп Түркістанның жеті елді мекенінде балалардың заманауи ойын және спорт алаңдарының құрылысын аяқтады.
«СКЗ-U» ЖШС Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұратын жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетті. Осылайша, халықтың аз қоныстанған, 34 адам ғана тұратындықтан, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бірде-бір мемлекеттік бағдарламаға енбеген Қауық елді мекені үшін «Талап-Сырдария» топтық су құбыры арқылы ауыз суға қол жеткізу ұйымдастырылды.
«КАТКО» БК ЖШС Созақ ауданының Балдысу елді мекеніндегі шағын футбол алаңы мен балалар алаңының құрылысын қаржыландырды.
«Мал – Жан Аман» жобасы аясында түнде жол апатына жол бермеу мақсатында «АППАҚ» ЖШС демеушілігімен үй шаруашылықтарының иелеріне жол бойында жайылып жүрген жылқыларға, сиырларға және түйелерге арналған 1 444 жарық шағылыстыратын жақа берілді.
Әлеуметтік қолдау шеңберінде Компания мұқтаж адамдарға атаулы көмек көрсетеді, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдайды, әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысатын өңірлердің қызметкерлері мен белсенді тұрғындарын тартуға жәрдемдеседі.
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары Наурыз мейрамын мерекелеу аясында дәстүрлі түрде қатысатын өңірлерде мұқтаж отбасыларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізеді. Шиелі ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 ИГІ ІС» қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясына «РУ-6» ЖШС қызметкерлері белсенді қатысты. Шиелі кентінің аз қамтылған көп балалы 70 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді. «Qorģan-Security» ЖШС қызметкерлері «Игі істер марафоны» – «Игі істер күнін» өткізді – қызметкерлер өз жиналған қаражаттарына көп балалы отбасыларына, сондай-ақ медициналық емдеуді қажет ететін қызметкерлердің балаларына көмек көрсетті.
Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында жас мамандар кеңесі көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға Jyly jurek атты Жаңа жылдық құттықтау қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Нұрсұлтан қаласы бойынша барлығы 5 отбасы мен 30 бала қамтылды.
Қазатомөнеркәсіп ардагерлер мен зейнеткерлер ретінде бұрынғы қызметкерлерді қолдауға үлкен көңіл бөледі. Жеңіс күнін мерекелеуге орай сала кәсіпорындарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету бойынша сыйлықтар тапсыру, қажетті көмек көрсету сияқты іс-шаралар өткізілді:. «Есімде, мен мақтан етемін» атты онлайн флешмобы ұйымдастырылды.
«АППАК» ЖШС Қарақұр ауылдық округінің қамқорлығындағы көп балалы аналарға, тыл ардагерлеріне, 90 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға тұрақты негізде көмек көрсетеді.
2022 жылға келесі бағыттар бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланған:
Жергілікті халықты неғұрлым белсенді тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша 2022 жылы жергілікті тұрғындарды Қоғам мен ЕТҰ-дағы бос орындарды жариялау және жұмысқа қабылдауға ықтимал кандидаттарды тіркеу үшін пайдаланылатын HR eKAP ақпараттық жүйесінде тіркеу дағдыларына оқыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Өңірлерде жоспарланған әрбір кездесулерде HR eKAP жүйесі таныстырылады, сондай-ақ электрондық түйіндеме жасау және бос жұмыс орындарына пікір айту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қызметкерлерді оқытуға және дамытуға
арналған инвестиция көлемі
Қызметкерлерді оқытудың жалпы уақыты
ТОП-менеджмент арасында әйелдер саны
Білікті қызметкерлер«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ негізгі активтерінің бірі. Өндірістік нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ Компанияның одан әрі дамуы әр қызметкердің еңбек тиімділігіне байланысты.
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерге бәсекелі жалақы төлеуді және әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін (медициналық сақтандыру, зейнетақы бағдарламалары, санаторий-шипажайлық емдеу және демалыс, отбасылық бағдарламалар және т.б.) көздейтін ынталандырушы кадр саясатын жүргізеді.
Компанияда персоналды басқарудың тиімді жүйесі құрылған, оның басты мақсаты қызметкерлерді кәсіби дамыту, олардың біліктілік деңгейін арттыру, сондай-ақ Компаниядағы мансаптық өсу болып табылады.
Қазатомөнеркәсіп ұлтына, жынысына, шығу тегіне, жасына, біліміне, әлеуметтік мәртебесіне, діни, саяси және өзге де сенімдеріне қарамастан адами әлеуетті барынша іске асыру мақсатында барлық қызметкерлер үшін тең және әділ еңбек жағдайларын жасауға ұмтылады. Мұндай тәсіл барлық жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, инклюзивтік және білім беру сапасы бойынша тең мүмкіндік беру және өмір бойы білім алу үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ гендерлік теңдікке қол жеткізу және баршаға лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ ТДМмен ұштасады.
Компанияның Персоналды басқару саласындағы қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған кадр саясатымен реттеледі. Құжат стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің маңызды құралдарының бірі болып табылады және қызметкерлерді ынталандыруға, олардың мүдделері мен мүмкіндіктерін мұқият ескере отырып, жоғары еңбек тиімділігіне қол жеткізуге, қызметкерлердің Компания өміріне белсенді қатысуын ынталандыруға арналған.
Кадрларды іріктеу, корпоративтік мәдениетті және қызметкерлермен өзара қарым-қатынасты қолдау мынадай ережелермен реттеледі:
Кадрларды басқару саясатының тиімділігі, сондай-ақ кадрлармен тікелей жұмыс істеу үшін адами ресурстарды басқару Департаменті және осы бағытқа жауапты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымдық бөлімшелері жауап береді.
2021 жылы Топ қызметкерлерінің тізімдік саны 2020 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға төмендеді. Персонал санының азаюы бейінді емес активтерді шығару жөніндегі іс-шаралармен (ҚазPV), сондай-ақ процестерді оңтайландыру және жаңғырту жөніндегі іс-шаралармен негізделген.
Есепті кезеңнің соңындағы персоналдың тізімдік саны
Персоналдың жалпы саны (тізімдік саны, АҚС келісімшарты)
Топ қызметкерлерінің басым бөлігі ұзақ мерзімді шарттар бойынша жұмыс істейді (> 91%), мерзімді шарттар талаптарымен қызметкерлердің 9% жуығы жұмысқа орналастырылды.
Жұмыспен қамту нысаны бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының орташа тізімдік саны, 2019-2021 жылдар, адам
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Ұзақ мерзімді келісімшарт | 19 794 | 19 821 | 19 122 |
ерлер | 16 188 | 16 227 | 15 696 |
әйелдер | 3 606 | 3 594 | 3 426 |
Мерзімді келісімшарт | 798 | 1 198 | 1 521 |
ерлер | 565 | 1 001 | 1 246 |
әйелдер | 233 | 197 | 275 |
Толық жұмыспен қамту | 20 577 | 21 011 | 20 627 |
ерлер | 16 745 | 17 222 | 16 931 |
әйелдер | 3 832 | 3 789 | 3 696 |
Ішінара жұмыспен қамту | 15 | 8 | 16 |
ерлер | 8 | 6 | 11 |
әйелдер | 7 | 2 | 5 |
АҚС келісімшарттары бойынша | 546 | 769 | 388 |
ерлер | 372 | 518 | 263 |
әйелдер | 174 | 251 | 125 |
Қызметкерлердің орташа жасы 40 жасты құрайды. 30 жасқа дейінгі қызметкерлердің үлесі – 13,6%.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының жасы бойынша бөліністегі орташа тізімдік саны, 2019-2021 жылдар, адам
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
30 жасқа дейін | 3 632 | 3 201 | 2 799 |
30 жастан 50 жасқа дейін | 11 707 | 12 260 | 12 034 |
50 жастан асатын | 5 253 | 5 558 | 5 810 |
Персоналдың орташа жасы, жыл | 40 | 41 | 40 |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен бостандықтарына шектеулер, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, сондай-ақ мүліктік, отбасылық, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, жасына, тұрғылықты жеріне, дініне, сеніміне, немесе қоғамдық бірлестіктерге, қандай да бір әлеуметтік топтарға тиесілілігіне қарай қандай да бір артықшылықтар алуына жол бермейді, сондай-ақ қызметкердің кәсіби қасиеттерімен байланысты емес басқа да жағдайларға байланысты кемсітпеушілік қағидатын ұстанады.
Есепті кезеңде кемсітушілік жағдайлары тіркелген жоқ.
Өндіру саласындағы өндірістік қызметтің ерекшелігі салдарынан есепті кезеңде топта жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының үлесі өткен жылдың деңгейінде сақталды және 2021 жылдың соңында 18%-ды құрады, ал ерлердің үлесі 82%-ды құрады.
Ерлер
Әйелдер
Тең мүмкіндіктерге қамқорлық жасайтын жұмыс беруші бола отырып, Қазатомөнеркәсіп мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс орындарын ұсынады. 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жұмысшылар саны 153 адамды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 2 адамға көп. Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің үлесі 2021 жылы қызметкерлердің орташа тізімдік санының 0,7%-ын құрады.
Мүмкіндіктері шектеулі қызметкерлердің орташа
тізімдік саны, 2019-2021 жылдар
2021 жылы Топқа 3 316 адам жалданған. Жаңа қызметкерлердің 67%-ы Оңтүстік өңірде (Шымкент қаласын қоса алғанда) жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіпте жергілікті халық арасынан жұмыскерлерді басымдықпен жалдау саясаты жоқ. Бос орындарға іріктеу ізденушілердің біліміне, біліктілігіне және кәсіби қасиеттеріне қарай жүргізіледі.
2021 жылы топтағы кадрлардың тұрақтамауы 13%-ды құрады. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш аздап 3%-ға өсті.
Топтан шыққан жұмысшылардың 51%-ы 30-50 жас аралығындағы ер адамдар. Олардың ең көп үлесі Оңтүстік өңірге (Шымкент қаласын қоса алғанда) тиесілі және 66%-ды құрайды. Мұндай жағдай компанияның уран өндіруші кәсіпорындарының орналасу орнына байланысты.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз қызметкерлерінің еңбегіне лайықты және уақтылы ақы төлеуге мүдделі бола отырып, жалпы мемлекеттік еңбек нарығында ғана емес, сондай-ақ салада да жалақының жоғары бәсекелестік деңгейін ұстап тұруға ұмтыла отырып, материалдық сыйақы мәселелерінде ашық тәсілдерді қолданады.
Компанияда ұлттық заңнама нормаларын сақтауға негізделген және ең төменгі еңбекақы мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтығын және үстеме жұмыс үшін еңбекақы төлеуді айқындайтын еңбекақы төлеу жүйесі жұмыс істейді.
2022 жылғы 1 Қаңтарда 2019 жылы басталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (ЕҚБ) кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді жүйелеу» жобасы аяқталды: жоба 2 кезеңде Қоғамның 14 ЕТҰ-да шамамен 6 мың адам санымен және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірістік-қосалқы кешеннің 7 ЕТҰ-да 12 мың адам санымен енгізілді. Жобаны іске асыру еңбекақы төлеу жүйесінің әдіснамасын ашық, ретке келтірілген және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әрбір қызметкері үшін түсінікті етуге мүмкіндік берді.
«Самұрық-Қазына» АҚ персоналын басқару бойынша корпоративтік стандартына сәйкес қоғамның ЕТҰ қызметкерлері үшін жалақының референттік нарығы Қазақстан Республикасының жалпы индустриялық нарығы болып табылады, ал еңбекақы төлеу деңгейі оның медианасына ұмтылады.
Асып кету жұмыс орындарына кіруді шектеуге қатысты қызметкерлер мен жұмыс берушілерге тәуелсіз себептер бойынша бос тұрып қалу төлеміне, сондай-ақ пандемия/карантиндік жағдайлар кезеңінде демалыс күндері жұмысқа тартылған қызметкерлерге ақы төлеуге байланысты.
Бұдан басқа, еңбекке ақы төлеуді жүйелендіру жөніндегі жобаны енгізу шеңберінде бұрын жекелеген кәсіпорындардың бюджеттерінде болмаған, жұмыс берушіден демалысқа материалдық көмек немесе бір жылғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы сияқты қосымша төлемдерді енгізу үшін персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, ұлғайту көзделді.
Өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы
Жалақы қоры, млн
Қазатомөнеркәсіп әйелдер мен ерлердің сыйақы арақатынасын талдауға ерекше көңіл бөледі. Көбінесе физикалық еңбекті қажет ететін индустриялық ерекшелікке байланысты жұмысшылардың көпшілігіер адамдар. Дегенмен, біз әйелдерді жалдауға, сыйақы белгілеуге, олардың қызметі мен мансаптық дамуына қатысты кемсітушіліктің кез келген нысанын қабылдамаймыз.
Қызметкерлерге материалдық сыйақы беру және ұзақ мерзімді ынталандыру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі компанияТобының жоспарлы көрсеткіштерін, өндірістік, стратегиялық және операциялық мақсаттарын орындағаны үшін, сондай-ақ инновациялық идеяларды ұсынғаны, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін қызметкерлерге сыйақы беру болып табылады.
Қосымша материалдық ынталандыру:
Қазатомөнеркәсіп жас мамандардың зияткерлік, кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға және іске асыруға ұмтылады. 2017 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «АҚ бастамасымен» Жас Өркен» жас мамандардың тағылымдама бағдарламасын іске қосты. 2021 жылы Қоғамда және оның ЕТҰ-да 13 жас маман 15 ротациядан өтті. «Жас Өркен 2019» бағдарламасын аяқтау қорытындысы бойынша 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 12 тәлімгері «Жас Өркен «бағдарламасына қосқан үлесі үшін» Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ-ның Құрмет белгілерімен және алғыс хаттарымен марапатталды.
2021 жылы «Жас Өркен» бағдарламасын тираждау аясында Компания жас мамандарды дамытуға бағытталған «Ізбасар» жергілікті бағдарламасын жүзеге асыруды сәтті жалғастырды. Бағдарламаның мақсаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында кезең-кезеңмен мансаптық өсу перспективасымен дарынды көшбасшыларды тәрбиелеу.
«Ізбасар» бағдарламасы Қоғамның бірнеше кәсіпорындарында тағылымдамадан өтудің және арнайы оқытудан өтудің бірегей тәжірибесін ұсынады. 2021 жылы Қоғамда және оның кәсіпорындарында 15 айлық ақылы тағылымдамадан өту үшін конкурстық негізде 8 жас маман іріктелді. «Ізбасар» бағдарламасының алғашқы жиынтығын ротациялау қорытындысы бойынша қоғам мен ЕТҰ-ға бағдарламаның 4 түлегі жұмысқа орналастырылды.
Компанияда кері байланыстың бірнеше арналарын қамтамасыз ететін тиімді ішкі коммуникация жүйесі қалыптасқан.
Коммуникацияның басты арнасы – Компанияның Интернет-қоры – www.kazatomprom.kz.
Интернет-қоры сыртқы мүдделі тараптарға жазбаша өтініш немесе шағым қалдыру және қажет болған кезде «жедел желіге» телефон қоңырауы арқылы жүгіну мүмкіндігін береді.
Компания кері байланыс мәдениетін дамытуды былайша қолдайды:
Өтініштерді мониторингтеу мен талдауды Қазатомөнеркәсіптің орталық аппаратына тоқсан сайынғы есептерді ұсына отырып, Топ кәсіпорындары жүзеге асырады. Әрбір өтініш бойынша талдау нәтижелеріне сәйкес бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізіледі және тиісті ұсынымдар беріледі.
Қызметкерлерді оқыту және дамыту – корпоративтік мәдениетті трансформациялау және дамыту Бағдарламасы шеңберінде Компания қызметінің басымдықтарының бірі. Қазатомөнеркәсіп өндірістік тиімділік, өндірістік қауіпсіздік, Адам құқықтары, еңбекті қорғау және кәсіптік бағдар беру саласында озық және неғұрлым тиімді білім беру практикасын енгізеді. Компания көшбасшылық құзыреттерді дамыту бойынша бағдарламаларды іске асырады, менторлар мен ішкі жаттықтырушыларды оқытады. Жыл сайын қоғам кәсіпорындарының қызметкерлері міндетті және кәсіптік оқытудан өтеді.
2019-2021 жылдардағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының білім деңгейі, %
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Жоғары | 42,19 | 42,93 | 43,81 |
Орта кәсіптік | 32,13 | 32,66 | 33,49 |
Бастапқы кәсіби | 3,91 | 3,19 | 3,26 |
Орта | 21,70 | 21,17 | 19,42 |
Бастапқы | 0,07 | 0,06 | 0,02 |
Компанияда қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процестерін жүйелендіруге бағытталған және мыналарды қамтитын 2019-2023 жылдарға арналған кешенді білім беру бағдарламасы жұмыс істейді:
Оқыту ішкі сарапшылар мен сыртқы провайдерлерді тарта отырып, Қазақстан ядролық университетінің корпоративтік қорының көмегімен жүргізіледі.
Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлерін оқыту мен дамытуға ресурстардың едәуір көлемін инвестициялайды. 2021 жылы қызметкерлерді оқыту мен дамытуға бағытталған жиынтық инвестициялар көлемі 1 476 млн теңгені құрады.
Оқыту бағдарламасының негізгі қағидатыөздігінен оқитын ұйым, оған сәйкес оқытудың 70% жұмыс процесінде жүреді, дағдылардың 20% қызметкерлер тәлімгерлік және коучинг бағдарламасы арқылы алады, 10% тренингтер мен басқа да оқыту бағдарламалары қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді оқытуда менеджерлерді қолдау, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру қызметтерінің жеткізушілерін таңдау HR қызметіне жүктелген.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да әрбір қызметкердің ұжымдық және жеке қызметін талдау арқылы кәсіби, жеке-іскерлік және басқарушылық қасиеттерін бағалау рәсімі енгізілді. Бағалау және талдау процедурасы қызметкерлердің оқуға деген қажеттіліктерін және олардың мансаптық мүмкіндіктерін анықтайды. Талдау негізінде қызметкер үшін даму жоспары немесе түзету жоспары жасалады, сыйақы мөлшерін өзгерту, лауазымын жоғарылату/төмендету жүргізіледі.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушылардың сауалнамаларын толтыру арқылы өткен оқуды бағалау, содан кейін 3 айдан кейін оқыған қызметкердің басшысы өткен оқудың бағалауын жүргізіледі.
Компания қызметкерлердің біліктілігіне үнемі өсіп отыратын талаптарға байланысты олардың тәжірибелік дағдылары мен іскерліктерін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіби бағыттар бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті оқытуды әзірлейді және іске асырады.
Компанияның барлық оқыту бағдарламалары басшылардың, таланттардың (мұрагерлердің) басқарушылық және жеке-іскерлік құзыреттерін арттыруға, тиімді және басқарушылық команданы қалыптастыруға, ішкі әлеуетті ашуға, кросс-функционалдық өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ алынған дағдыларды жұмыс ортасында қолдануға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
2021 жылы көшбасшылықты, ұқыпты өндірісті, корпоративтік мәдениетті және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған корпоративтік бағдарламалар өзектілігін жоғалтқан жоқ.
2021 жылы компания СЕО, СЕО-1,2 деңгейіндегі басшыларды дамытуға бағытталған көшбасшылықты дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жұмысын жалғастырды. Бағдарламада басшыларды үш бағыт бойынша оқыту көзделген: өзін-өзі басқару, адамдарды басқару және міндеттерді басқару.
Бағдарламаның мақсаты басшылардың алған білімдерін төмендегі деңгейлерге, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес тәуелді ұйымдарына таратуы болып табылады. Бағдарламаны іске асыру үшін көшбасшылық қасиеттерді, басқарушылық құзыреттерді, коучинг құралдарын, команданы басқаруды және т. б. дамыту тәжірибесі бар қазақстандық және халықаралық қызмет көрсетушілер тартылды.
Іс жүзінде бұл Бағдарлама проблемалық мәселелерді шешуді командалық іздеуге, көшбасшылық жүйесін жетілдіруге және жұмысшылардың белсенділігін арттыруға бағытталған бизнес-ойындар форматындағы жұмыс сессиялары сияқты бірқатар жобалардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бағдарлама әрекет еткен үш жыл ішінде 23 семинар, тренингтер, стратегиялық сессиялар мен бизнес-симуляциялар өткізілді. Бағдарлама СЕО-1 және СЕО-2 деңгейіндегі басшыларды 100% қамтыды. 443 адам-семинар өткізілді, Жалпы академиялық сағат саны 220 сағатты құрайды.
Білімді сақтау және беру шеңберінде 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ішкі жаттықтырушылар мектебінің екінші легіне үміткерлерді қабылдау жүзеге асырылды. Осы бағыт бойынша оқыту және сертификаттау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Соңғы кезеңде қоғамның және ЕТҰ-ның арнайы оқытылған 13 ішкі бапкері кәсіби оқыту қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында бүкіл холдинг персоналы үшін жаттықтырушылықты іске асыруға кіріседі. 2021 жылы ішкі жаттықтырушыларға үміткерлерді іріктеу Компанияның стратегиялық мақсаттарының тақырыптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Есепті кезеңде Компанияда «Кеніш директорларының мектебі» бағдарламасын жалғастырды. Оқытудың бірінші кезеңі 15 қызметкерді қамтыды және қазіргі уақытта оқытудың екінші кезеңі өтуде, оған өндірістік объектілер мен инженерлік-техникалық персоналдың басшы қызметкерлерінен 19 қызметкер жұмылдырылды.
2021 жылы Қоғам қызметкерлері үшін дәстүрлі шеберлік сыныптары өткізілді. Бұл оқыту бағдарламасы бейне форматында жазылған және Холдингтің барлық қызметкерлеріне корпоративтік порталда қолжетімді. Бұл формат бірегей білім мен үздік тәжірибелерді тарататын қосымша оқыту материалдары ретінде бейнематериалдарды пайдалануды көздейді.
Бұдан басқа, қаржылық сауаттылықты арттыру шеңберінде 2021 жылы Қоғам және ЕТҰ қызметкерлері үшін экономика және қаржы саласындағы сыртқы сарапшылардың, ішкі жаттықтырушылар мен қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен шеберлік сыныптары өткізілді. Ішкі оқытуды онлайн форматта дамыту шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп ырғағы» тұрақты даму, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және т. б. мәселелер бойынша 14 кездесу өтті.
Қызметкерлерді кәсіп пен мансапта іске асыруға бағытталған кәсіби әл-ауқат бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Компания қызметкерлерді оқыту мен дамытудың кешенді бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырды. Атап айтқанда, Компанияның бизнес-процестері туралы білімді арттыру мақсатында сараптамалық шеберлік сыныптары өткізілді, мансап күндері өтті. Сондай-ақ, «Жылдың үздік қызметкері» / «Жыл қызметкері» кәсіби шеберлік конкурстары жүзеге асырылды.
2021 жылы Қазатомөнеркәсіп алғаш рет мансаптық хакатон өткізді, оның шеңберінде Компания сарапшыларымен панельдік пікірталастар және кейс-чемпионат өткізілді, оның жеңімпаздары Компанияның ТОП-менеджерлерімен және сарапшыларымен жеке ментор, коуч және мансаптық сессияларға қатысуға бірегей мүмкіндік алды, сондай-ақ жас мамандарға арналған «Ізбасар» бағдарламасын іріктеудің екінші кезеңіне өту мүмкіндігіне ие болды.
2012 жылы Компанияда кадрлық резервтің сабақтастығын, сондай-ақ Компанияның басқару жүйесіндегі үздіксіздікті ұйымдастыру үшін әлеуеті жоғары және кәсіби қасиеттерді арттыруға және мансаптық өсуге ұмтылатын топ жұмыскерлері арасынан кандидаттарды анықтауға бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарушы персоналының сабақтастығы бағдарламасы қолданысқа енгізілді.
Бағдарламаны іске асыру процесінде әрбір жалғастырушы үшін қызметкердің дамуына жауап беретін, оның прогресін бақылайтын және идеяларды іске асыруда қолдау көрсететін ментор/тәлімгер айқындалады. Мұрагерлер пулы қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері негізінде анықталады. Ортақтастықтың меншік иелері – Басқарма Төрағасы және функционалдық бағыттардың басшыларысабақтастық бағдарламасының дамуына негізгі үлес қосады.
2021 жылы Бағдарлама шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
Менторинг бағдарламасының қорытындысы бойынша 9 ментор мен 79 менти менторлармен тиімді өзара әрекеттесу бойынша оқытудан өтіп, кері байланыс дағдыларын меңгерді. Мониторинг бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде корпоративтік орталық пен ЕТҰ мұрагерлерінің, сондай-ақ СЕО-1 деңгейіндегі менторлардың қатысуымен 47 ментор-сессия өткізілді. Сессия менторларының жалпы уақыты-47 сағат.
Корпоративтік орталық жыл сайынғы негізде істі жалғастырушы ортақтастығынан тағайындаулар санын тексереді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және колледждерімен, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. Топ кәсіпорындарының барлық қызметкерлері Компания қаражаты есебінен оқуға жіберіледі.
2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша сала үшін бейінді мамандықтар бойынша 376 адам оқытудан өтеді: олардың ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының 201 қызметкері, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарымен еңбек қатынастарында тұрмайтын 175 жеке тұлға бар.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда, бұның негізінде еліміздегі алғашқы және жалғыз атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы (МЕНОЦАП) құрылды, оның шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен атом саласы үшін басым мамандықтар бойынша Қоғам және ЕТҰ қызметкерлері, сондай-ақ жеке тұлғалар білім алуда.
2021 жылы «Геология және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар қаражаты есебінен оқыған 10 ЕТҰ қызметкері аяқтап, диплом алды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыспен қамту нысанына қарамастан, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған, персоналды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Әлеуметтік саясат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты жұмысы мен орнықты дамуының негізгі факторларының бірі. Компания жайлы жұмыс ортасын жасайды, қызметкерлердің жоғары әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететінқосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер береді. Бұл бастамалардың барлығы қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Компанияның әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидаттары :
Еліміздің жетекші өнеркәсіптік компаниясы бола отырып, Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік қамсыздандыру және персоналды басқару саясатын іске асыру саласындағы тәсілдерді тұрақты негізде жетілдіріп отырады.
2021 жылы Компания әлеуметтік функцияларды орындауда өзін-өзі танытуға, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды және өткізді: Денсаулық марафоны, Спартакиада, «Дені сау жүрек ырғағында», Донор күні, эко жобалар, әлеуметтік волонтерлік жобалар, сондай-ақ корпоративтік іс-шаралар мен конкурстар.
Қаржылық әл-ауқатты қамтамасыз етуге, атап айтқанда, қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын және ақылға қонымды және саналы қаржылық шешімдер қабылдауға бағытталған білімді арттыруға негізделген әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Компания кредит беру, жеке және отбасылық бюджетті тиімді басқару және т. б. тақырыптары бойынша сыртқы және ішкі сарапшылармен кездесулер өткізуге бастамашылық жасады. Зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне қатысты банк өкілдерімен кездесті.
Компанияның қолданыстағы әлеуметтік саясатына ерекше назар қызметкерлердің белгілі бір санаттарын қолдауға бөлінеді: жалғыз басты ата-аналарға, көп балалы отбасыларға, мүгедек балалардың ата-аналарына, еңбек шартын бұзған кезде жұмыс істемейтін зейнеткерлерге. Топтың кәсіпорындарында толық және ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерге бірыңғай тәсіл қолданылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде жалғыз басты ата-аналарға және 12 жасқа дейінгі үш және одан да көп баланың аналарына қосымша демалыстар беріледі. Көп балалы отбасылар және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
2021 жылы 345 қызметкерге ана/әке демалысы берілді, оның 50-і ер адамдар, 295-і әйелдер.
Жасына немесе мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шығу себебі бойынша еңбек шартын бұзған кезде Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлері медициналық қызмет көрсетумен және маңызды күндер мен мерекелерде қосымша материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы Қоғамның ЕТҰ көп балалы қызметкерлерінің отбасыларына қосымша төлем жүзеге асырылды. Мұндай отбасылардың саны шамамен 2 500-ді құрайды.
Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның негізгі басымдықтарының бірі. Компания жұмыскерлерді қолдау мақсатында дене, ментальді денсаулықты қолдауға, сондай-ақ қаржылық, әлеуметтік және кәсіптік әл-ауқатты арттыруға бағытталған түрлі бағдарламаларды әзірлеп, іске асырады.
Қазатомөнеркәсіп әрбір қызметкерге жұмыста және одан тыс жерде салауатты және бақытты өмір сүру үшін қажетті әл-ауқат тақырыбына өзінің саналы көзқарасын және дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге ұмтылады.
Компания дене әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын арттыру үшін пайдалы әдеттерді қалыптастыру, денсаулықты жақсарту және өнімділікті арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді.
2021 жылы тиімді бағдарламалар іске асырылды:
Қазатомөнеркәсіп жұмыскерлердің өз мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдарды құру немесе оларға қосылу құқықтарын шектемейді. Топ персоналы, егер ол лауазымдық міндеттерін орындауға әсер етпесе, сондай-ақ қоғамға зиян келтірмесе, кез келген саяси, білім беру, қайырымдылық немесе қоғамдық қызметпен айналыса алады.
«Атом өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қазатомөнеркәсіптің еңбек заңнамасын сақтауда сенімді әріптестігін және жұмыскерлердің мүдделерін қорғауға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік Одағында» Топ кәсіпорындарының 10 700 қызметкері тұрады.
Еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына жағдай жасау мақсатында ұжымдық шарттар жасалады. Ұжымдық шарттар мен қабылданған міндеттемелерді орындау шеңберінде Кәсіподаққа жыл сайын қоғам қызметкерлері арасында іс-шаралар өткізу, медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу, санаторийлер мен балалар лагерьлеріне жолдамалар сатып алу үшін ақшалай қаражат бөлінеді.
Ұжымдық шарт жұмыскерлердің еңбек құқықтарын, экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерін қорғаудың кепілі болып табылады, еңбек қатынастарын реттейді және Компания мен жұмыскерлер арасында тиімді диалогты жүзеге асыруға ықпал етеді. Ұжымдық шарт үш жыл мерзімге әзірленеді және үнемі жаңартылып отыруға тиіс.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымдық шартының ажырамас шарты болжанатын өзгерістерге дейін бір айдан кешіктірмей, ал бірқатар жағдайларда – күнтізбелік он бес күн бұрын еңбек жағдайларындағы елеулі өзгерістер туралы жұмыскерлерді алдын ала хабардар ету міндеттемесі болып табылады.
Сондай-ақ, Ұжымдық шарттың ережелері кадрларды іріктеуді, корпоративтік мәдениетті және қызметкерлермен өзара қарым-қатынасты қолдауды реттейді. Бұдан басқа, ұжымдық шартқа сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған персоналды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады.
Адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестік, өзара құрмет, бір – біріне сенім білдіру, кез келген кемсітушіліктің алдын алуКомпания мен оның қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастардың басты қағидаттары.
Компанияда жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, мүліктік, отбасылық, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, жасына, тұрғылықты жеріне, дініне, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге немесе қандай да бір әлеуметтік топтарға тиесілігінің болуы немесе болмауына, сондай-ақ қызметкердің кәсіби қасиеттерімен байланысты емес басқа да жағдайларға байланысты қызметкерлердің еңбек құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, қандай да бір артықшылықтарға ие болуына жол берілмейді.
Адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына сүйене отырып, Қазатомөнеркәсіп заңнаманы және Топта қабылданған корпоративтік және іскерлік этика нормаларын сақтайтын әріптестер мен контрагенттерді ынтымақтастыққа тартады. Компания Топтың этикалық қағидаларын бөлісетін және сақтайтын, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын, адам құқықтарын құрметтейтін, еңбекті қорғау мен персоналдың денсаулығына қамқорлық жасайтын жеткізушілермен ғана ұзақ мерзімді серіктестікті қолдайды. Қазатомөнеркәсіп балалар еңбегін пайдаланбайды.
Қазатомөнеркәсіп Топ объектілерінде қызметін жүзеге асыратын өнім берушілер мен мердігерлерден өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларының сақталуын және өзінің корпоративтік стандарттарының орындалуын талап етеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық келісімдері мен келісім-шарттарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнім берушілері мен мердігерлерінің кодексіне сәйкес адам құқықтарын сақтау туралы ережелер кіреді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да мониторингті жүзеге асыратын омбудсмен қызметі жұмыс істейді:
Адам (қызметкерлер) құқықтарының және адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалардың сақталуын бақылауды компанияның комплаенсі, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады. Құқық бұзылған жағдайда қызметкерлер Компанияның барлық кері байланыс арналары арқылы хабарласа алады.
2021 жылы компанияда адам құқықтары саласындағы кемсітушілік немесе басқа да бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сондай-ақ мәжбүрлі немесе міндетті еңбек, байырғы және аз халықтардың құқықтарын бұзу жағдайлары жоқ.
Өндірістің тиімділігі және компанияны дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу күшті корпоративтік мәдениетті құруды анықтайтын жеке бағытпен жүзеге асырылады. Ұжымда қауіпсіздік, жауапкершілік, кәсіпқойлық, даму және командалық жұмыс сияқты негізгі құндылықтар белсенді түрде дәріптеледі.
Компанияның барлық қызметкерлері корпоративтік құндылықтарды түсінеді және бөліседі, өздерін топтың бір бөлігі ретінде анықтайды және ортақ іске жеке үлестерін қосады.
Қоғамның корпоративті мәдениетін дамытудың жоғары деңгейі, атап айтқанда, қызметкерлердің COVID-19 пандемия жағдайларына тез бейімделуіне ықпал етті. Дағдарыс кезінде Компания қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ете алды, қолдау мен қамқорлық көрсетті.
2021 жылы корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуды анықтау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік мәдениетті диагностикалау жобасы іске асырылды. Зерттеуге корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлерінің 70% қатысты. Компания ағымдағы және мақсатты корпоративтік мәдениетке диагностика жүргізіп, одан әрі дамудың күшті жақтары мен векторларын анықтады.
Зерттеу нәтижелері компанияның 2017 жылы қойылған корпоративтік мәдениеттің мақсатты деңгейіне жеткенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы жасалды.
2018-2022 жылдарға арналған корпоративтік мәдениетті дамыту жобасының жол картасы толық көлемде іске асырылды: корпоративтік құндылықтар және құзыреттердің корпоративтік моделі енгізілді, сабақтастық бағдарламасы әзірленді және жұмыс істейді, қызметкерлерді оқыту жүйесі мен қызметін бағалау жетілдірілді, қызметкерлердің тартылуын ұлғайтуға, материалдық және материалдық емес уәждемені басқаруға, коммуникация жүйесін дамытуға, көшбасшылық бағдарламасы және жұмыс берушінің брендін нығайтуға бағытталған іс-шаралар іске асырылды.
Қызметкерлерді тарту деңгейін арттыру және еңбек нарығындағы үздік үміткерлерді тарту мақсатында Компания жұмыс берушінің брендін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді – EVP ілгерілетудің коммуникациялық стратегиясы қалыптасты.
Randstad Employer Brand Research тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша 2020-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстанның үздік жұмыс берушілерінің ТОП-10 және елдің тау-кен өнеркәсібі мен металлургиясындағы үздік жұмыс берушілердің топ-3 құрамына кірді, бұл жұмыс берушінің брендін ілгерілетуге бағытталған жұмыстың тиімділігін растайды.
Компанияның корпоративтік құндылықтарын қолдауға бағытталған корпоративтік мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі қызметкерлерді біріктіретін және әлеуметтік-жауапты компания ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның оң ішкі ахуалы мен имиджін қалыптастыруға персоналдың тартылуын арттыруға ықпал ететін Әлеуметтік волонтерлік болып табылады.
2021 жылы Қоғам және ЕТҰ қызметкерлері ауқымды волонтерлік жобаларды жүзеге асыруды жалғастырды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің кәсіби дамуына ғана емес, олардың жеке әлеуетін іске асыруға да мүдделі. Корпоративтік спорттық және мәдени іс-шаралар қызметкерлердің белсенділігін, ынтасын және компания өміріне араласуын арттыруға ықпал етеді.
2021 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, корпоративтік іс-шаралар онлайн форматта өз жалғасын тапты, бұл ретте вакцинацияланған қызметкерлердің жоғары пайызының арқасында кейбір іс-шаралар офлайн форматта өткізілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішінде дәстүрлерді және корпоративтік рухты қолдауға бағытталған іс-шаралар:
2021 жылы Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының ХХ Спартакиадасын спорттың 7 түрі бойынша онлайн/ офлайн форматта өткізді. Офлайн форматта шағын футбол, стритбол, бадминтон, жеңіл атлетика, үстел теннисі бойынша жарыстар өтті. Онлайн форматта киберспорт (PUBG Mobile) және шахмат бойынша турнирлер өтті. Спартакиадаға барлығы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ КО және ЕТҰ-ның 600-ден астам қызметкері қатысты.
Мақсаты: қызметкерлердің денсаулық сапасын арттыру, СӨС-ке назар аудару.
Қамтылуы: КО және ЕТҰ-ның 300 қызметкері.
Бағдарлама сипаттамасы: 30 күн ішінде қызметкерлер 30 000 км-ге жету үшін жүрді, жүгірді немесе велосипедпен жүрді. Арнайы мотивациялық телеграмм арна құрылды, онда қатысушылар нәтижелерімен, әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ бір-бірін нәтижеге қол жеткізуге және салауатты әдеттерді қалыптастыруға шабыттандырды.
Нәтижелері: қатысушылар жинаған 40 мың шақырым теңгеге айырбасталды. 4 млн теңге сомасы даму ерекшеліктері бар балалары бар «РУ-6» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС және «Заречное» БК» АҚ кәсіпорындарының 7 жұмысшыларының отбасына көмек көрсетуге бағытталған. Шомылуға арналған екі кресло және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған екі массаж креслолары, БЦП-мен ауыратын науқастарға арналған жүріс-тұрыс тіректері, үйде оқытуға арналған компьютер сатып алынды, сондай-ақ операцияға және дәрілік препараттарды сатып алуға қаражат бағытталды.
Марафонға қатысушы: «Марафон маған пайдалы және жағымды әсер етті. Мен күннің шығуы мен батуының сұлулығын бағаладым, таиғаттың бірегейлігін көрдім және түсіндім, денсаулығымды нығайттым, ояу болдым, көршілеріммен таныстым, олардың арасында көптеген жақсы және қызықты адамдар бар. Іс-шара мені өмірге деген оң көзқарасымды қалыптастырдыі».
2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ішкі коммуникация жүйесі пандемия жағдайында қызметкерлерді топтағы өзекті оқиғалар туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ететін және ұжымда қолайлы атмосфераны сақтауға жәрдемдесетін басты құрал болып қала берді.
Компания қызметкерлер үшін ірі ұйымдастыру іс-шараларын (жиналыстар, басшылықтың ұжыммен кездесулері, корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар) өткізудің онлайн және офлайн форматын қолданды.
ЕТҰ-ның бірінші басшыларымен сұхбат жүргізілді, оның барысында олар кәсіпорындарда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Қызметкерлердің топ-менеджментпен онлайн-кездесулері.
Қызметкерлерді Компания жобалары туралы хабардар ететін «Қазатомөнеркәсіп ырғағы» бағдарламасы жұмыс істейді. Пандемия кезінде қызметкерлерді қолдауға арналған волонтерлік және қайырымдылық бастамаларын қамтитын Qasyndamyz-2020 атты жұмыскерлерді қолдаудың корпоративтік бағдарламасы іске асырылды.
Қызметкерлердің ағымдағы жағдай мен сала үшін маңызды оқиғалар туралы хабардар болуы электрондық пошта – тұрақты ақпараттық жіберілімдер және басшылық атынан жүгінулер, сондай-ақ QazAtomNews электрондық корпоративтік журналы арқылы қолдау табады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік мәдениетті дамыту, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, материалдық сыйақы, персоналды ынталандыру және тарту саласындағы бағдарламалары мен бастамалары әзірленген жоспарларға сәйкес іске асырылады және Компанияның барлық қызметкерлері тарапынан қолдау табады.
Қызмет нәтижелерінің жыл сайынғы оң бағалары әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша тұрақты зерттеулермен расталады.
2021 жылы «әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының 18 кәсіпорнында Samruk Research Service (SRS) әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша зерттеулер жүргізді.
2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерді қолдау бағдарламаларын жалғастырады, кадрлық әлеуетті сақтайды және дамытады және қызметкерлердің тартылу деңгейін, оның ішінде жұмыс берушінің брендін дамыту жөніндегі іс-шаралар есебінен қолдайды.
Компания еңбекке ақы төлеу және материалдық көтермелеу жүйесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған жұмысты жалғастыруды, персоналды басқару саласындағы процестерді автоматтандыруды жүзеге асыруды жалғастыруды, басқарушы персоналдың сабақтастығы және көшбасшылықты дамыту бағдарламаларын, еңбекке ақы төлеуді жүйелендіруді, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Компанияның басымдықтарына сәйкес әлеуметтік әріптестік өкілдері ретінде кәсіподақтармен жұмысты кеңейту, ұжымдық шарттарға қызметкерлер өкілі мен жұмыс берушілер арасында жауапкершілікті бөлу мәселесіне, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, келіссөздер мәдениетін дамыту және ішкі коммуникациялардың тиімділігін арттыру мәселесіне өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын арттыру мақсатында 2022-2023 жылдары тамақтандыруды ұйымдастыру, арнайы киіммен қамтамасыз ету, вахталық персоналдың тұру жағдайларын ұйымдастыру, сондай-ақ қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету бойынша стандарттарды әзірлеу және енгізу жоспарланған.
Компания корпоративтік мәдениетті дамытудың Жол картасын қалыптастыруды бастады, оны іске асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік мәдениетінің нысаналы моделіне қол жеткізуге және корпоративтік құндылықтарды одан әрі ілгерілетуге көмектеседі.
ESG қағидаттарына сәйкес әртүрлілік пен инклюзивтілікті қолдау және дамыту, оның ішінде әйелдер көшбасшылығын ілгерілету практикаларын енгізу, сондай-ақ қызметті жүзеге асыру өңірлерінде жергілікті қоғамдастықтарды қолдау жобаларын іске асыру жоспарланған.
Жоғары өндірістік жетістіктер және компанияның одан әрі дамуы, қызметтің жаңа түрлері мен бағыттарын игеру, перспективалы жобаларды әзірлеу және іске асыру қызметкерлердің жоғары деңгейде тартылуын және олардың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құндылықтарын ұстануын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік инвестициялардың тиімділігіне тікелей байланысты болады.
2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының басталуымен өз қызметкерлерінің денсаулығының басымдығын сезіне отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Топ қызметкерлерінің ұжымдары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдады.
Компания Қазақстан аумағында COVID-19 пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы Топтың қаржылық тұрақтылығының нашарлауына және елдегі әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелуі мүмкін екенін толық түсінеді.
Пандемия басталғаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қоғам бойынша коронавирустық инфекцияның 1 957 жағдайы тіркелді, 1 941 адам аурудан суықты, белсенді нысандармен есепте 7 адам тұрды.
2021 жылы Қоғам бойынша COVID-19-дан 4 өлім оқиғасы тіркелді. Оның екеуі «ҮМЗ» АҚ-да , қалған екеуі бір-бірден – «Катко» БК» ЖШС-де және «Инкай» БК» ЖШС-де.
Қазатомөнеркәсіп барлық қолданыстағы хаттамалардың өзектілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, COVID-19-ға байланысты ахуалға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. COVID-19 пандемиясы кезеңінде Топ кәсіпорындарының жоспарлары мен жұмыс режимі ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес өзектендірілді.
Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» АҚ HSE комитетінің жұмысы аясында портфельдік компаниялар арасында COVID-19 алдын алу, вакцинациялау және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
2021 жылы Компания 2020 жылы Топтың қызметіне енгізілген барлық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды толық көлемде жалғастырды.
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлер арасында аурудың алдын алу және оның қаупін төмендету үшін қажетті шараларды қабылдау шеңберінде үздіксіз қызметті қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, өз кеніштерінде жұмыскерлердің және жұмыс істеп тұрған өңірлердегі жергілікті халықтың жұқтыру қаупін азайту үшін Қазатомөнеркәсіп 2020 жылғы сәуірден бастап өндіріске тартылған жұмыскерлердің санын ең төменгі деңгейге дейін азайтты.
Компанияның тиімді байланыс жүйесінің арқасында қашықтықтан жұмыс түріне көшу маңызды проблемаларсыз және қысқа мерзімде өтті.
Әрбір қызметкер әріптестерімен және жоғары басшылықпен өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігін сақтап қалды, бұл өзекті мәселелерді шешуге, пайдалы ақпарат алуға және маңызды міндеттерді шешуге өзін қатыстырылғанын сезінуге көмектесті.
Пандемия жағдайында жұмыскерлерді қолдау үшін Qasyndamyz-2020 бағдарламасы іске асырылып, жұмыс істейді, оған жұмыскерлерді психологиялық және физикалық қолдау шаралары кіреді: жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған онлайн тыныс алу және физикалық гимнастика; топ жұмыскерлерінің волонтерлік бастамалары: дәрі-дәрмектермен көмек көрсету, моральдық қолдау көрсету, жақындарына қолдау көрсету бойынша психологиялық вебинарлар, күйзеліспен күрес және т. б.; қызметкерлердің физикалық және эмоционалды жағдайын бақылау, психологпен жеке кеңес беру.
2021 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында компаниялар COVID-free қағидаты бойынша жұмыс істеді. 2021 жылғы тамызда Қазатомөнеркәсіп жергілікті жерлерде немесе Компания орналасқан өңірлерде тұратын халық арасында вирустық инфекцияның ықтимал тұтану қаупін барынша азайту мақсатында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі қатаң хаттамаларды сақтай отырып, жұмыскерлерді өндірістік объектілерге жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды.
Жұқтыру қаупін төмендету бойынша тосқауыл шаралары ретінде мынадай іс-шаралар жүргізілді:
Ауруды анықтаудың әрбір жағдайы бойынша инфекция жұқтырған адамды карантинге оқшаулаумен және инфекцияның таралуының алдын алудың қажетті шараларын қабылдаумен эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, жақын байланыста болған адамдардың шеңбері белгіленеді, барлық ауырған қызметкерлер өзін-өзі оқшаулау жағдайлары туралы жадынама алады.
Топтың ақпараттық алаңдарында алдын алу шаралары, карантин режимінің ерекшеліктері және қызметкерлердің мінез-құлық ережелері бойынша үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
COVID-19 алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыс қызметкерлер арасында аурудың деңгейін төмендетіп, компанияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, өндірістік қуаттылықты сақтап қалды.
Ақпараттық жүйелерді кеңінен пайдаланудың арқасында Қазатомөнеркәсіп COVID-19 бойынша талдамалық дэшбордтар (платформалар) енгізді. Бұл цифрлық шешім COVID-19 таралуы бойынша жағдайды жедел мониторингілеу мақсатында әзірленді. Аналитикалық дэшбордтар Қазақстандағы және компаниядағы жағдайдың дамуы бойынша негізгі көрсеткіштерді көрсетеді.
2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ashyk жүйесі арқылы ПТР тестілері нәтижелерінің және вакцинациялау паспорттарының болуын растау үшін «еКАР» ақпараттық жүйесіне Рұқсаттама модулімен және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ҚББЖ-мен Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың келесі кезеңін іске асырды.
Топтың барлық кәсіпорындарында денсаулық жағдайына күнделікті міндетті мониторинг енгізілген. Күн сайынғы сауалнама бойынша деректер базасының негізінде қызметкерлердің денсаулық жағдайын жедел қадағалауға, сондай-ақ ЕТҰ бар аумақтардағы сырқаттанушылық деңгейін болжауға және Топта қабылданатын эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға арналған құрал әзірленді.
Аурудың өршуін визуализациялау және жүйе жасауға мүмкіндік беретін аналитикалық болжамдар алдын-алу шараларын қабылдауға және аурудың ықтимал өсуіне алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.
2021 жылғы шілдеде жаңа «Дельта» штаммының таралуына байланысты жұқтыру жағдайларының өсуі байқалды, бұл Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда, «қызыл» аймақтардың кеңеюіне әкелді. Шілдеде Қазақстанның кейбір бөліктерінде жаңа «Дельта» штаммымен жұқтыру жағдайларының көбеюі байқалды. 2021 жылғы тамызда Қазақстан Үкіметі мемлекеттік органдар тарапынан қатаң шектеулер енгізді, алайда тамыздың екінші жартысында жағдай тұрақтанды және мемлекеттік органдар тарапынан енгізілген шектеулер ішінара әлсіреді.
COVID-19 пандемиясымен күрес аясында Топтың кәсіпорындары халық пен медициналық мекемелерді қолдайды.
Пандемия басталғалы бері «РУ-6» ЖШС орталық аудандық ауруханаға оттегі аппаратын сатып алып, тапсырды. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ кәсіпорын ардагерлеріне азық-түлік жиынтықтарын жіберді. «Қызылқұм» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС «Жаңа қорған аудандық ауруханасы» ММ үшін 500 бірлік көлемінде оттегі баллондарын құю мен жеткізуді жүзеге асырды. «КАТКО» БК» ЖШС Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ауруханаларына арналған 6 ӨЖЖ аппаратын сатып алды. «КАТКО» БК» ЖШС Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны BIRGEMIZ қоғамдық қорына 50 млн теңге аударды, Түркістан және Шымкент қалаларындағы ауруханалар үшін жалпы сомасы 100 млн теңгеге 6 ӨЖЖ аппаратын (әр қалаға 3-тен) сатып алды.
медициналық
жабдыққа арналған
инвестициялар
медициналық
қызмет көрсетуді
қаржыландыру және
қызметкерлерді
емдеу
COVID-19 алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс қоғам қызметкерлері арасында ЖВИ жаппай таралуына жол бермеуге, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және ЕТҰ өндірістік қуатын сақтауға мүмкіндік берді.
2021 жылғы 1 ақпанда жаппай вакцинациялау жарияланғаннан бастап, Қазақстан Республикасының аумағында вакцина алудың артықшылықтары туралы, вакцинациялау тәртібі туралы кең түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
2021 жылғы 19 ақпанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздігі бойынша онлайн форматта беделді сарапшы-ғалымдардың қатысуымен XXIII корпоративтік кеңес өтті. Іс-шара аясында ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекциялар бөлімінің бастығы компанияның COVID-19 вакцинаемшарасы жөніндегі бағдарламасын таныстырды.
2021 жылы жүргізілген пульс сериялары қызметкерлердің вакцинациялауға дайындығын зерттеуге мүмкіндік берді. Компания Басқарма Төрағасының Қоғам қызметкерлеріне вакцинациялау қажеттілігі туралы үндеуімен ақпараттық сессия өткізді. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп ырғағының алаңында үгіт-насихат және вакцинациялау қажеттілігін түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық науқан (мотивациялық постерлер, корпоративтік компьютерлердің скринсейверлеріндегі үгіт материалдары) жүргізілді.
Компания кеңселерде және өндірістік алаңдарда көшпелі вакцинация пункттерін ұйымдастырды. Вакцинацияның жай-күйіне мониторинг күн сайын еКАР ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша бүкіл компания бойынша қызметкерлердің 94-дан астамы (16,5 мыңнан астам адам) вакцинаның бірінші дозасын алды, оның 93%-дан астамы екі дозамен толық вакцинацияланды.
ақылы еңбек демалысына арналған қосымша демалыс күндері
персоналдың 1 құрауышпен 70% және 2 құрауышпен 50% вакцинациялаумен қамтылуына қол жеткізген кездегі өндіруші кәсіпорындар вахтасының ұзақтығын 15 күнге дейін қысқарту
ПТР-тестілеусіз карантиндік аймақты айналып өтіп, «жасыл дәліз» бойынша қайта вахталау (эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қатысу өңірі «қызыл аймаққа» түскен кезде тоқтатыла тұрады)
ЕҚ және ӨҚ саласындағы іс-шараларға
жұмсалған шығындар құрады
қауіпсіздік мәдениетін арттыру
бойынша оқытудан
Өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтау, еңбекті қорғаудың, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің басымдығы. Компания тұрақты негізде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің деңгейін арттырады. Қазатомөнеркәсіп өз қызметін жүзеге асыру кезінде барлық ұлттық және халықаралық талаптар мен стандарттарды сақтауға ұмтылады.
Компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидаттары мен қағидаларын айқындайтын негізгі регламенттеуші құжаттар: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы Кодексі, «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі» стандарты болып табылады. ЕҚ және ӨҚ саласындағы компания айқындаған қағидаттар мен қағидаларды Топтың барлық жұмыскерлері мен мердігер ұйымдары орындауға міндетті.
Топ басқармасы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады. Басқарма төрағасының басшылығымен ЕТҰ бас директорлары мен бірінші басшыларының қатысуымен тоқсан сайын қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға және апаттар мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған кеңестер өткізіледі.
Компанияның кәсіпорындарында жұмыскерлердің қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша басты міндетке сәйкес еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар шаралар жүргізіледі. Директорлар кеңесі жанындағы өндірістік қауіпсіздік комитеті (HSE) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасы жанындағы тәуекелдерді басқару комитеті тұрақты негізде осындай іс-шаралардың орындалу нәтижелілігін бақылауды жүзеге асырады. Деректерді талдау негізінде Директорлар кеңесі өндірістік қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерді қарайды және бекітеді.
Қоғам мен ЕТҰ-да өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіруді Қоғам Басқармасының төрағасына тікелей бағынатын өндірістік қауіпсіздік жөніндегі блок жүзеге асырады.
ЕҚ және ӨҚ нормалары мен қағидаларының бұзылуын болдырмау, оқиғаларға жедел ден қою, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге мониторинг, талдау және бақылау жөніндегі функцияларды HSE жөніндегі басқарушы директор жетекшілік ететін өндірістік қауіпсіздік департаменті орындайды.
ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметтері бірінші басшының қарамағында болады. 2021 жылы Компания ЕҚ және ӨҚ мәселелерін операциялық басқаруды жүзеге асыратын ЕТҰ өндірістік қауіпсіздігі қызметтерінің өкілеттіктерін бекіту және кеңейту практикасын жалғастырды.
Қазатомөнеркәсіп тұрақты негізде ЕТҰ тобының өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің біліктілік құрамына талдау жүргізеді. Талдамалық деректердің негізінде, ЕҚ және ӨҚ саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Компания ұлттық заңнаманың және үздік әлемдік практикалардың талаптарына сәйкес келетін өзгерістерді енгізеді.
2021 жылы TÜV International Certification (Германия) тәуелсіз аудиторлық ұйымы алғаш рет Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздігі менеджментінің біріктірілген жүйесінің ISO 45001 және ISO 14001 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне бақылау аудитін жүргізді. Аудит нәтижелері Қазатомөнеркәсіптің еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі жоғарыда көрсетілген халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетінін растады.
Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару жүйесінің ғана емес, жалпы тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің қағидаттарының бірі және ажырамас бөлігі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістік тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Топ кәсіпорындарының барлық қызметі еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Олардың ең бастылары – Еңбек Кодексі және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Сондай-ақ, Компания еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтау тәртібін регламенттейтін бірқатар заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілердің, атап айтқанда, әртүрлі қызмет түрлері-геологиялық барлау, уранды өндіру және қайта өңдеу, Қысыммен жұмыс істейтін жүк көтергіш механизмдер мен жабдықтарды пайдалану және т. б. үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларының талаптарын ескереді.
Топ кәсіпорындарындағы жазатайым оқиғалар мен апаттарды тергеп-тексеру рәсімі көрсетілген құжаттар негізінде және оларға сәйкес жүргізіледі. Компания еңбекке қабілеттілігінен айырылуға әкеліп соқтыр әрбір жазатайым оқиға бойынша ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға уақтылы береді. Топтық жазатайым оқиғалар немесе ауыр (адам өлімімен) аяқталған жазатайым оқиғалар жағдайында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен арнайы тергеп-тексеру жүргізіледі. Барлық жазатайым оқиғалар бойынша инцидент себептерін анықтаудың «бес неге» (бес Whys) әдістемесін пайдалана отырып, түпкі себептерді анықтау бойынша қосымша ішкі тергеу жүргізіледі. Ішкі тергеулердің нәтижелері Басқарма Төрағасы мен ЕТҰ бірінші басшыларының қатысуымен тоқсан сайынғы жиналыстарда талқыланады.
Тоқсан сайын Қазатомөнеркәсіп әзірлеген ақпараттандыру рәсіміне сәйкес барлық ЕТҰ жарақаттану туралы, орын алған жазатайым оқиғалардың егжей-тегжейлі сипаттамасы, олардың себептері мен Компания қабылдаған шаралар туралы ақпараттық есептер алады. Бұдан басқа, жазатайым оқиғаны тіркеу кезінде дереу ақпараттық бюллетень жасалады, ол барлық ЕТҰ-ға жедел жеткізіледі.
Компания тәуекелдер тізілімін қалыптастырады, оның бірі «өндірістік жарақаттанушылық» тәуекелі болып табылады. Өндірістік жарақаттануды азайту мақсатында Компания белгіленген қауіпсіздік нормаларына қол жеткізуге және еңбекті қорғау деңгейін тұрақты арттыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.
Мұндай кешенді іс-шаралар мыналарды қамтиды:
2018 жылы Топтың барлық кәсіпорындарында мінез-құлықтық қауіпсіздік аудиттері тәжірибесі енгізілді. Олардың басты мақсатықызметкерлердің өндірістік тапсырмаларды орындау кезіндегі мінез-құлқын талдау, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқымен байланысты ықтимал өндірістік қауіптердің алдын алу.
Деректерді тұрақты талдау және мониторингілеу Топтың кез келген өндірісіндегі үлгілік тәуекелдердің бірі адами факторға тікелей байланысты қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылатынын растайды. Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіп жұмыс орындары мен өндірістік учаскелердің өндірістік қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкестігін қатаң бақылауды, жабдықтардың техникалық жай-күйін және нұсқаулықтарды, рәсімдер мен стандарттарды қоса алғанда, барлық қажетті ішкі құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асырады.
2020 жылы корпоративтік тәуекелдер тіркелімі SARSCoV2 коронавирусының таралуы мен COVID-19 пандемиясының басталуымен байланысты «пандемия қаупі» деп аталатын тағы бір операциялық тәуекелмен толықтырылды. Пандемия кезеңінде жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы осы қауіпті басқару бойынша жұмыс жалғастырылды.
Өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін компанияда тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізілді. Осы бастама шеңберінде Топтың өндірістік қауіпсіздік департаменті функционалдық тәуекелдердің тізілімін әзірледі, ол Департаменттің функционалына байланысты негізгі қауіптер мен тәуекелдерді қамтиды. Функционалдық тәуекелдердің тізілімі жыл сайын жүйелі түрде қайта қаралады және өзектендіріледі. Тәуекелге бағдарланған тәсіл кәсіпорындардың қызметін алдын ала тексеруді жүзеге асыру және неғұрлым қауіпті өндірістік бағыттарды анықтау мақсатында тексерулерді жоспарлауға және жүргізуге енгізіледі. Мұндай тексерулердің нәтижесі негізгі тәуекелдерге, сапаны арттыруға, сондай-ақ уақытша ресурстардың шығынын азайтуға назар аудару болып табылады.
Жұмыскерлердің денсаулығына қамқорлық жасау – Қазатомөнеркәсіптің басымдықтарының бірі. Апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша негізгі кешенді іс-шаралар мен үздік халықаралық практикаларды енгізу, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, хабардарлықты арттыру бойынша персоналмен жүйелі жұмыс жүргізу, осының барлығы Топ кәсіпорындарының қауіпсіздік мәдениетін жетілдіруге ықпал етеді.
2018 жылы жұмыскерлердің өндірістік қауіпсіздігі мен денсаулығының деңгейін тұрақты түрде арттыру мақсатында Қазатомөнеркәсіп халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ISSA) бастамашылық еткен Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы болды. Компанияның бағдарламаға қатысуы аурулардың алдын алу мәдениетін арттыруға және қызметкерлер арасында жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың санын азайтуға бағытталған.
Қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Компания топтың барлық қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың қолдануы үшін міндетті болып табылатын «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» қабылдады.
2021 жылы ЕТҰ бірінші басшыларының қатысуымен қызметкерлер арасында Қауіпсіздіктің Алтын қағидаларын» түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Топ қызметкерлерін түсіндіру және ақпараттандыру үшін ЕТҰ вахталық кенттерінде қауіпсіздік, жеке жауапкершілік және көшбасшылық мәдениеті мәселелеріне арналған ақпараттық бейнематериалдар теледидар арналары арқылы таратылады.
Еңбекті қорғау деңгейін арттыру жүйелі тәсілді ғана емес, инвестицияларды да талап етеді.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына инвестициялардың жоғары деңгейі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы мәселелерінде компанияның жауапты ұстанымын растау болып табылады.
Компанияда қызметкерлер қызметінің нәтижелілігін бағалау жүйесі әзірленіп, жұмыс істейді. Оның негізіқызметтің негізгі көрсеткіштерінің тізімі (ҚНК). Топ қызметкерлерінің ЕҚ және ӨҚ қамтамасыз етуіосы тізбедегі негізгі көрсеткіштердің бірі. Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы жоғары деңгейдегі және басым ҚНК «қауіпсіздік мәдениетін арттыру» көрсеткіші болып табылады, бұл ретте «Анықталған қауіпті жағдайлардың, салдарсыз қауіпті іс – қимылдардың, оқиғалардың саны-Near-Miss» және «Түзету шараларын орындау» оның міндетті құрамдас бөліктер болып табылады. Бұдан әрі бұл жоғары деңгейлі ҚТК менеджмент, компания қызметкерлері және ЕТҰ үшін тиімділік көрсеткіштеріне каскадталады. ҚТК бағалау жүйесімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасынан бастап қарапайым қызметкерге дейінгі компанияның барлық қызметкерлері қамтылған.
Компанияда ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесін жақсартуға бағытталған шараларды тиімді қалыптастыру және енгізу мақсатында жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің қорытындылары және келесі жылға арналған жоспарлар бойынша корпоративтік Кеңес өткізіледі. 2021 жылғы 19 ақпанда Кеңес нәтижелері бойынша өндірістік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нақты тапсырмаларды қамтитын хаттама қабылданды.
Жыл бойы барлық ЕТҰ-ларда ЕҚ және ӨҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан жоспарланған тексерулер жүргізілді.
Бұдан басқа, 2021 жылы барлық өндіруші ЕТҰ-да «Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі» Корпоративтік стандарты енгізілді.
«Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі» стандарты Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделген компанияның және оның ЕТҰ өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесінің құрылымы мен мазмұнына, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары үшін өндірістік қауіпсіздікті басқару жөніндегі референс моделіне, сондай-ақ озық халықаралық стандарттар мен практикаларға қолданылатын талаптарды жүйелеу мақсатында әзірленді.
Компанияның тәуекелдер Тіркелімінде өндірістік жарақаттанушылық негізгі тәуекелдердің бірі ретінде анықталған. Кәсіпорындар шеңберінде Топ өндірістік жарақаттану тәуекелін іске асыруды болдырмауға, сондай-ақ оны іске асырудың салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралар тізбесін қалыптастырды және енгізеді.
Өндірістік қауіпсіздік деңгейін талдау Қазатомөнеркәсіптің ЕТҰ жұмыскерлері мен ЕТҰ мердігерлері арасында жарақаттанудың негізгі тәуекелдері жол-көлік оқиғаларымен, күкірт қышқылымен жұмыс істеумен, биіктіктен құлаумен және тайғақ беттерден құлаумен байланысты екенін көрсетеді.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар санының дәйекті төмендеуіне және 2020 жылы саладағы ең төмен LTIFR көрсеткіштерінің біріне қол жеткізуіне қарамастан, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жазатайым оқиғалар санын «0»-ге дейін азайту және апатсыз өндірістік қызметті және жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін барынша күш салуды жалғастыруда.
2021 жылы Топ кәсіпорындарында 9 жазатайым оқиға тіркелді, соның нәтижесінде 18 адам жарақат алды. Жазатайым оқиғалардың бірі екі қызметкердің өліміне әкелді. Арнайы тергеу нәтижелері бойынша бұл оқиғаның себебі автокөлік құралы жүргізушісінің көлік құралының барысына тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамау нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзуы болып табылатыны анықталды.
Өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті (LTIFR) 2021 жылы – 0,55 құрады. Салдары жоғары дәрежедегі өндірістік жарақаттанудың жалпы саны (өлім жағдайларын қоспағанда) 8 жағдайды құрады.
Барлық жазатайым оқиғаларды Компания тарапынан тексеру оқиғалардың түпкі себептерін анықтау және болашақта оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін оқиғаны егжей-тегжейлі талдау арқылы белгіленген тәртіппен зерттелді. Тергеу процесі жабдықтың техникалық ақауларынан бастап, шаршау мен қызметкерлердің эмоционалды жағдайына дейінгі барлық мүмкін факторларды бағалауды қамтиды.
Тергеу нәтижелері бойынша кешенді шаралар әзірленді, олар Компанияның барлық кәсіпорындарына жеткізілді және белгіленген мерзімде іске асырылды.
Қызметкерлер құрамына кірмейтін, бірақ жұмысы және/ немесе жұмыс орнын Компания бақылайтын жұмысшылардың арасында 2021 жылы жазатайым оқиғалар болған жоқ.
Топта өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Мұндай іс-шараларға мыналар кіреді:
Қызметкерлердің қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтату мақсатында 2020 жылдан бастап барлық ЕТҰ-да СТОП-карталар құралы енгізілді. СТОП-карта рәсімін енгізу кезінде ЕТҰ бірінші басшысының барлық қызметкерлерге жүгінуі міндетті шарт болды, онда ол қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер қызметкерлер үшін ешқандай теріс салдарларға, оның ішінде тәртіптік жазаларға әкеп соқпайтынын растады.
Ай сайын ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңестер өтеді, онда өндірістік қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер талқыланады, оның ішінде жазатайым оқиғалардың, сондай-ақ салдарсыз елеулі оқиғалардың мән-жайлары мен себептері қаралады. Бұдан басқа, олардың қайталануына жол бермеу үшін тиісті іс-шаралар әзірленеді, ал қажет болған кезде тәуекелдер тізілімі өзектендіріледі. Іс-шараларды орындау жөніндегі барлық ұсынымдар хаттамалық тапсырмалармен бекітіледі. ЕТҰ бекітілген есептілік шеңберінде КО-ға олардың орындалуы туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Компанияда қызметкерлерінің біліміне, осы мамандық немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан, олармен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамаларүнемі өткізіледі.
Кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе ұйым бойынша бұйрықпен осы міндеттер жүктелген адам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді. Бағдарлама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік нормаларының, стандарттардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды ескере отырып бекітілді.
Сонымен қатар, Топ қызметкерлеріне нұсқаулықтары бар бейнероликтер қолжетімді.
Компанияның кәсіпорындарында өндірістік қауіпсіздікті арттыру үшін қабылданған шаралар өнеркәсіптікапаттардың (бақыланбайтын жарылыстардың, қауіпті заттардың шығарылуының немесе ғимараттардың қирауының) алдын алуға мүмкіндік берді.
Персоналдың өмірі мен денсаулығын сақтау – Топ қызметін жүзеге асырудағы басым қағидат. Компания қызметкерлері сауықтыру және санаторлық-курорттық емдеу бағдарламаларымен қамтылған (әлеуметтік пакетке енгізілген). Бұдан басқа, Топ кәсіпорындарының қызметкерлері Топ пен кәсіподақ арасындағы ұжымдық шартты орындау шеңберінде қызметкерлер үшін санаторлық-курорттық сауықтыру және емдеу бойынша қосымша бағдарламаларға қол жеткізе алады. Сондай-ақ Қазатомөнеркәсіпте қызметкерлерді медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс істейді.
ЕТҰ-ның барлық персоналы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес күніне үш рет емдік және профилактикалық тамақпен қамтамасыз етіледі.
2021 жылы еңбекті қорғауды үздіксіз жетілдіру бойынша «Vision Zero» міндетіне сәйкес әзірленген «180⁰/360⁰ денсаулықты сақтау» бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау бойынша есептілік енгізілді, оның ішінде медициналық пункттерге жүгіну және еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылған аурулар бойынша көрсеткіштер талданады. Қызметкерлердің міндетті контингенттерін медициналық қарап-тексерудің өткізілуіне бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы атап өтетін Дүниежүзілік жүрек күніне орай «Дені сау жүрек ырғағында» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: қызметкерлердің назарын қан айналымы жүйесі ауруларының қазіргі проблемасына аудару және салауатты өмір салтын жүргізу қажеттілігін еске салу.
Акция аясында жүрек-қан тамырлары ауруларының мінез-құлық қауіп факторларын анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Қызметкерлердің жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, олардың пайда болу себептері және алдын алу тәсілдері туралы хабардар болуын арттыру үшін ақпараттық постерлер шығарылды және дәрістер оқылды. Медициналық профилактикалық тексеру кардиологтың кеңес беруімен және ЭКГ жүргізумен өткізілді. Акция аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ХХ спартакиадасында «Инфаркттан қашамыз» жарысы ұйымдастырылды.
COVID-19 пандемиясының сыртқы эпидемиологиялық қатерін басқару үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ескере отырып, қорғаудың бес желісінің шекті іс-шаралар жоспары әзірленді.
COVID-19 вакцинациясымен және ревакцинациямен қамтуды арттыру үшін кеңселерде және өндірістік алаңдарда көшпелі егу бригадалары жұмыс істейді. Қызметкерлерді вакцинациялауға және ревакцинациялауға материалдық және материалдық емес ынталандыру құралдары әзірленді. Медициналық сарапшылардың шақыруымен вакцинациялау бойынша кең ауқымды ақпараттық науқанының арқасында COVID-19 қарсы вакцинациялау ауқымы 94% деңгейінде.
Топтың барлық өндірістік кәсіпорындары мен процестері еңбекті қорғау қызметімен қамтылған және бақыланады. Барлық ЕТҰ-да қызметкерлерге жедел медициналық көмек көрсететін стационарлық медициналық пункттер жұмыс істейді. Топтың барлық медициналық объектілері қажетті жабдықтармен, жедел жәрдем автомобильдерімен және медициналық көмек көрсету үшін дефибрилляторлар, ЭКГ, оттегі баллондары, ылғалдандыру аппараты (оттегі концентраторы), пульсоксиметрлер және т. б. Сияқты материалдармен жабдықталған.
Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істеп тұрған еңбекті қорғау және қызметкерлердің денсаулығын сақтау жүйесі қауіптерді анықтау және жою кезінде ғана емес, сондай-ақ тәуекелдерді барынша азайтуға бақылауды жүзеге асыру кезінде де өзінің тиімділігін көрсетті. Бұдан басқа, ЕҚ қызметінің тағы бір функционалы қызметкерлер арасында әлеуметтік пакет және қосымша қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы болып табылады.
ЕТҰ – да медперсоналдың жалпы саны 185 адамды құрайды, оның ішінде: дәрігерлер – 31, фельдшерлер – 116, медбикелер – 38.
Барлық ЕТҰ-ларда жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары жасалды. Бұдан басқа, ерікті медициналық сақтандыру шарттары жасалады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес Топтың барлық кәсіпорындарында бүкіл қызметкерлері үшін міндетті ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулер, сондай-ақ компанияның барлық қызметкерлерінің міндетті жыл сайынғы/мерзімдік медициналық тексерулері жұмыс істейді.
Топтың ЕТҰ жұмыскерлері ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтпей жұмыс орнына жіберілмейді. Қазіргі уақытта компанияда қызметкерлер денсаулығын мониторингтеудің электрондық жүйесін енгізу жалғасуда. Орындалатын іс-шаралар шеңберінде Топтың кейбір кәсіпорындары артериялық қысымды, ағзада алкоголь немесе есірткі заттарының болуын және басқаларды автоматты түрде анықтауға арналған модульдерді қамтитын электрондық медициналық тексеру жүйесін сәтті енгізді және пайдаланады. Компанияның орта мерзімді жоспарларында Топтың барлық ЕТҰ-ларында ауысым алдындағы медициналық тексерулерді жүргізу үшін ұқсас цифрлық кешендерді орнату және іске қосу жоспарланған.
Бұдан басқа, ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулердің талаптары қауіптілігі жоғары немесе машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын Топтың мердігер ұйымдарының қызметкерлеріне де міндетті түрде қолданылады.
Жыл сайынғы/мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда қызметкерлер тереңдетілген профилактикалық тексеріп-қарауға жіберіледі.
ЕҚ және ӨҚ мәселелерін басқаруға Топ кәсіпорындарының барлық персоналы тартылып белсенді қатысады, бұл еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЕҚ және ӨҚ басқару және қамтамасыз ету мәселелерінде қызметкерлермен тиімді коммуникация үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес Топ кәсіпорындарында қауіпсіздік жөніндегі арнайы өндірістік кеңестер құрылды. Кеңестердің құрамына жұмыс берушінің, қызметкерлердің, сондай-ақ техникалық инспекторлардың өкілдері кіреді. Өндірістік кеңестердің жұмысы мен өткізетін іс-шаралары жұмыс орындарында еңбекті қорғау жағдайларының сақталуын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді, бақылауды (тексеруді) техникалық еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері мен қабылданған шешімдер жұмыс беруші мен Топ кәсіпорындарының қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Топтың 2018-2028 даму стратегиясын іске асыру шеңберінде өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар кешені өткізілді. 2021 жылы осы бағытта Компания келесі іс-шараларды орындады:
2021 жылы орындалған іс-шаралар Топ қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды, ал жүргізілген алдын алу шаралары оқиғалар санын одан әрі азайтуға бағытталған.
Қауіпсіздік мәдениетін және барлық деңгейдегі басшылардың көшбасшылығын дамыту мақсатында Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еңбек қауіпсіздігі мәдениетіндегі көшбасшылық» атты оқу электрондық курсы әзірленіп, іске асырылуда. Бұдан басқа, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру шеңберінде ЕТҰ басшылары мен қызметкерлеріне қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған, оның ішінде Near-Miss ықтимал қауіпті жағдайларын, қауіпті іс-қимылдарды және қауіпті жағдайларды анықтау, сондай-ақ қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттерін жүргізу бойынша оқыту жүргізілді. Сондай-ақ, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында арнайы міндетті курстар ұйымдастырылды. Оқытудың деңгейі мен тиімділігін бағалау үшін, оны аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар біліміне тексеру жүргізілді.
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерді HSE мәселелері бойынша оқытуды тұрақты негізде жүргізеді. Оқу курстарын шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: міндетті және міндетті емес. Міндетті курстарға қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін оқыту курстары жатады, мысалы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, радиациялық, ядролық қауіпсіздік және т. б. саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау тақырыбы бойынша оқыту. Міндетті емес курстарға заңнамалық деңгейде талап етілмейтін оқыту курстары кіреді, мысалы, HSE мәселелеріндегі қауіпсіздік, көшбасшылық және жауапкершілік мәдениетін дамыту бағыттары бойынша оқыту.
Оқыту процесін ұйымдастыру үшін Топ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талап етілетін қажетті лицензиялары, аттестаттары, сертификаттары және басқа да рұқсат беру құжаттары бар сарапшылар мен ұйымдарды тартады.
Оқытуды, тренингтерді өткізудің тиімділігі кейіннен білімді тексеру және/немесе тестілеу арқылы бақыланады.
Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыра отырып, Топ жұмыскерлердің өз кәсіпорындарында өндірістік қауіпсіздік саласындағы барлық стандарттар мен талаптарды сақтауын бақылап қана қоймай, олардың міндетті түрде орындалуын Қазатомөнеркәсіппен жұмыс істейтін барлық мердігер ұйымдардан талап етеді.
Барлық контрагенттер, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер Қазатомөнеркәсіптің «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар» атты корпоративтік стандаттың талаптарына сай болу қажет.
Компанияда мердігерлердің өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігердің ЕҚ және ӨҚ саласындағы талаптарға сәйкестігі жөніндегі қызметін компания сарапшылары шартқа қол қойылғанға дейінгі кезеңде талдайды. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіптің мамандары тәуекелдерді бағалауды жүргізу және мақсаттар қою кезінде, сондай-ақ ЕҚ және ӨҚ мәселелері бойынша оқытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау кезінде контрагенттердегі оқиғалар туралы барлық ақпаратты ескереді. Талдау нәтижелері өндірістік қауіпсіздік Департаментінде келісу рәсімінен өтеді.
Сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік департаменті және ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметтері жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету барысында ЕҚ және ӨҚ нормалары мен қағидаларының сақталуына тұрақты түрде тексеру және бақылау жүргізеді. ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік қызметі мердігерлік ұйымдарда болған барлық жазатайым оқиғаларды тіркейді және есепке алады, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты қауіпсіздікке мінез-құлық аудитін жүргізуге уәкілетті. Топпен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар мердігерлік ұйымдарда міндетті түрде ОБ, ОД, Near Miss анықтау және тіркеу рәсімдері енгізіледі.
Қазатомөнеркәсіп тұрақты негізде білім деңгейін арттыру мақсатында мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін ЕҚ және ӨҚ бойынша оқыту курстарын өткізеді, сондай-ақ ЕҚ және ӨҚ мәселелері жөніндегі кеңестерге мердігерлердің уәкілетті өкілдерін қатысуға шақырады.
Өз қызметінде ядролық материалдарды пайдаланатын Топ кәсіпорындары ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ядролық материалдармен жұмыс істеу кезінде ядролық қауіпсіздік жөніндегі барлық нормалардың, нұсқаулықтардың, қағидалар мен технологиялық регламенттердің сақталуы мен орындалуын бақылайды.
Қазіргі уақытта Топ кәсіпорындары арасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Үлбі-ТВС» ЖШС ядролық қондырғыларға ие.
Топтың кәсіпорындарында ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ядролық қауіпті учаскелердегі ядролық қауіпсіздіктің жай-күйі уақтылы тексеріледі және ядролық материалдарға түгендеу жүргізіледі.
2021 жыл бойы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Үлбі-ТВС» ЖШС бас физигі қызметтерімен келесі іс-шаралар жүргізілді:
Іс-шаралар тиімділігінің көрсеткіші есепті жыл ішінде инциденттер мен апаттардың болмауы болып табылады.
2021 жылы жұмыс орындарында, үй-жайларда, өндірістік аумақтарда және бақыланатын аймақтарда радиациялық жағдайға тұрақты бақылау жүргізілді. Барлық радиациялық көрсеткіштер норма шегінде және 2020 жылдан бері өзгерген жоқ.
2021 жылы персоналға радиациялық әсердің орташа дозасы табиғи радиациялық аяны қоса алғанда, жылына 1,44 мЗв құрады. Табиғи радиациялық фонның көрсеткіштері жылына 0,75-тен 1,36 мЗв-қа дейін құрады.
Өз кезегінде, топ кәсіпорындарында персоналдың ең жоғары жылдық тиімді дозасы 6,19 мЗв/жыл құрады, бұл рұқсат етілген 20 мЗв/жылдық доза шегінің 31% құрайды.
2021 жылы мердігерлік ұйымдар персоналының дозаларын есепке алу басталды. Топтың кәсіпорындарында жұмыс істейтін және арнайы киімді дезактивациялаумен және дайын өнімі бар көліктік қаптама комплектілерін жөнелтуге дайындаумен айналысатын мердігерлік ұйымдар персоналының орташа дозасы жылына 0,65 мЗв құрады.
Радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және персоналды қорғау мақсатында радиациялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі:
Өндірістік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері 2021 жылғы қарашада МАГАТЭ-нің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі «International Conference on Radioactive Waste Management: Solutions for a Sustainable Future» халықаралық конференциясына онлайн режимінде қатысты. Конференцияның негізгі бағыты радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жетекші әлемдік мамандардың тәжірибесімен алмасуы болды.
2021 жылы өндірістік қауіпсіздік департаменті өкілдерінің радиациялық ғылым мен технологияларды қолдану жөніндегі МАГАТЭ-нің екінші халықаралық конференциясына (ICARST-2021) қатысуы жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты конференция 2022 жылға ауыстырылды.
Компания төтенше жағдайларға дайындықтың жоғары деңгейін қолдауға бағытталған іс-шараларды үнемі жүзеге асырады. Қоғамда тұрақты негізде өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінің техникалық құралдарына: өрт су құбырына (сорғылардың жұмысы, өрт түтіктерін тексеру), сплинклерлік өрт сөндіруге, өрт сигнализациясына, алғашқы өрт сөндіру құралдарына тексерулер жүргізіледі.
Жыл сайын жоспарға сәйкес қызметкерлерді ғимараттан арнайы бөлінген жиын пункттеріне эвакуациялай отырып, өртке қарсы оқу-жаттығу іс-шаралары жүргізіледі.
2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ СТ НАК 13.2-2021 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру». «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілік ғимаратында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық» әзірленіп, бекітілді57.
2021 жылдың қазан айында уәкілетті мемлекеттік органдар Қоғамның КО әкімшілік ғимаратының жеке өрт қауіпін ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкестігіне жоспарлы тексеру және бағалау жүргізді. Тексеру нәтижелері өрттің қауіпті факторлары адамдардың өміріне қауіп төндірмейтінін көрсетті.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық сертификаттық аудитпен тексеру нәтижелері бойынша Қоғам ғимараты ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 стандарттарының талаптарына сәйкес болды.
Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде «Азаматтық қорғаныс жоспары» және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілік-офистік ғимаратында объектілік төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары» әзірленіп, бекітілді.
«2021 жылдың бірінші жартыжылдығына Нұр-Сұлтан қаласының аумағында азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу» жоспарына сәйкес жинау пункттеріне қызметкерлерді ғимараттан эвакуациялау имитациясымен оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Компания қызметінің нәтижесіндегі CO2-экв парниктік газдар шығарындыларының көлемі
Топтың барлық кәсіпорындарында энергия тиімділігі мәселелерін басқаратын және ISO 50001:18001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергия менеджментінің жүйесі енгізілген
Жаһандық климаттың өзгеруі су ресурстарының жетіспеушілігі, азық-түліктің жетіспеушілігі, биоәртүрліліктің жоғалуы және табиғи апаттар сияқты көптеген қауіп – қатерлерг мен қауіпті климаттық құбылыстарға тап қылады, бұл ауыр экономикалық салдарға, ашаршылық пен соғыстарға әкеледі.
Климаттың өзгеруімен және оның жағымсыз салдарымен күресу үшін 2015 жылғы 12 желтоқсанда 197 ел парниктік газдардың жаһандық шығарындыларын едәуір азайтуға және жаһандық температураның 2 градусқа дейін көтерілуін шектеуге бағытталған Париж келісімін қабылдады, сонымен бірге бұл өсуді 1,5 градусқа дейін одан да көп шектеу үшін қаражат іздеді.
Қазақстан республикасы Париж шешімін ратификациялағаннан кейін өзі үшін төмен көміртекті даму векторын анықтады. Төмен көміртекті экономикаға көшу және климаттың өзгеру салдарына бейімделу мемлекеттің стратегиялық міндеттері болып табылады. Қазақстан ұлттық деңгейде ПГ шығарындылары көздерінің мониторингі, есептілігі мен верификациясының онлайн-жүйесін енгізді және жыл сайын БҰҰ КӨНК хатшылығы алдында есеп береді. ПГ ірі көздерінің шығарындылары квоталарды бөлудің ұлттық жоспарымен шектеледі.
Қазақстан Республикасы МАГАТЭ-нің мүшесі бола отырып, климаттың өзгеруін мониторингтеу, оның салдарын жұмсарту және оларға бейімдеу үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану жөніндегі халықаралық агенттіктің ниеті мен ісәрекетін қолдайды, климатқа әсерді төмендетуге өз үлесін қосады.
Жаһандық басымдықтарға сүйене келе, ұлттық ұстанымды бөлісе отырып және Париж келісімінің ережелерін іске асыруға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, Қазатомөнеркәсіп климаттың өзгеруіне қарсы күресті өзінің басымдықтарының бірі ретінде қарайды. Компания 2025, 2030 және 2060 жылдарға дейін декарбонизациялау және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын әзірлейді, оған 2025, 2030 және 2060 жылдарға дейінгі кезеңге компанияның әрбір ЕТҰ бойынша ПГ шығарындыларының көлемін қысқарту жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар жоспары кіреді.
Парниктік газдар шығарындыларына мониторингті және есепке алуды Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасына тікелей бағынатын өндірістік қауіпсіздік Департаменті жүзеге асырады. Компания технологиялық объектілер мен қоршаған орта объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерінің мониторингін жасайды, ең озық қолжетімді технологияларды, ресурс-және энергия үнемдеу технологияларын енгізеді.
Қазатомөнеркәсіп парниктік газдар шығарындылары туралы деректерді ашады, бұл климаттың өзгеруі мәселелеріне байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі жұмыс тобының (Task Force on Climaterelated Financial Disclosures, TCFD) ұсынымдарына сәйкес келеді. Компания қажетті жұмысты жүргізеді және келесі есепті кезеңдерде климатқа байланысты ақпаратты, TCFD әдіснамасы бойынша тәуекелдер мен мүмкіндіктерді тереңдетуді жоспарлап отыр.
2021 жылы Топ 1 және 2 қамту салаларының шығарындыларын қоса отырып, парниктік газдарды түгендеуді жүзеге асырды.
ЕТҰ қызметі салдарынан парниктік газдардың шығарылуы негізінен тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі өндірісіне ілеспе қосалқы процестеріне байланысты.
Парниктік газдардың пайда болуының негізгі көздері:
Қазатомөнеркәсіп пайдаланатын парниктік газдар шығарындыларын есептеу жөніндегі коэффициенттер ҚР оршаған ортаны қорғау министрлігінің жылу электр станцияларынан және қазандықтарынан парниктік газдар шығарындыларын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларына және ҚР Қоршаған орта министрлігінің автокөлік кәсіпорындарынан атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.
2021 жылы Компания қызметінің нәтижесінде CO2экв парниктік газдар шығарындыларының көлемі 106,91 мың тоннаны құрады. 2021 жылы ПГ шығарындыларының артуы көлік құралдарында отын тұтынудың өсуімен, бұрғылау көлемінің ұлғаюымен және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты басқа да жұмыстардың жандануымен байланысты.
CO2-экв. парниктік газдардың тікелей шығарындыларының көлемі, 2019-2021 жылдар (қамту саласы 1), мың тонна58
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары | 107,60 | 92,59 | 106,91 |
CO2-экв. парниктік газдардың қосалқы шығарындыларының көлемі, 2019-2021 жылдар (қамту саласы 1), мың тонна59
Қызмет түрі | Электр энергиясын тұтыну кезінде | Жылу энергиясын тұтыну кезінде | Барлық шығарындылар | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2019 | 2020 | 2021 | 2019 | 2020 | 2021 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Уран өндіру және қайта өңдеу | 569 878 | 532 920 | 554 960 | 945 | 546 | 518 | 570 823 | 533 466 | 555 477 |
Ядролық отын циклы және металлургия | 128 717 | 135 196 | 130 871 | 94 931 | 96 378 | 103 927 | 223 648 | 231 574 | 234 798 |
Қосалқы қызмет | 45 838 | 52 929 | 50 902 | 1 813 | 1 915 | 1 376 | 47 651 | 54 844 | 52 279 |
Барлығы | 744 433 | 721 045 | 736 733 | 97 688 | 98 838 | 105 821 | 842 122 | 819 883 | 842 554 |
Әрбір ЕТҰ үшін парниктік газдар шығарындыларының жылдық көлемі шығарындылар туралы есептілік және қазақстандық шығарындылар саудасы жүйесіне қатысу үшін ұлттық деңгейде қабылданған СО2 баламасының 20 000 тоннасының шекті мәнінен аспайды.
Есепті кезеңде Компания Топтың климаттың өзгеруіне қосатын үлесін төмендетуге көмектесетін бірнеше акция өткізді. Атап айтқанда, ол кен орындарының аумағында және іргелес елді мекендерде ағаш отырғызу жұмыстарын жалғастырды. Сондай-ақ, «Көліксіз күн» акциясы өткізілді, акция барысында мүдделі тараптар бір күнге жеке көліктерінен бас тартып, қоғамдық көлікті пайдаланғандықтан, қозғалтқыштардағы отынды жағудан туған парниктік газдар шығарындыларын азайтты.
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері «Жер Сағаты» акциясына қатысты, оның шеңберінде электр энергиясын үнемдеу және оны тұтынумен байланысты парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында ғана емес, сондай-ақ климаттың өзгеруі проблемаларына қоғамның назарын аудару үшін барлық құралдарды 1 сағатқа электр энергиясынан ажырату көзделді.
Қоршаған ортаға өз әсерін төмендету, экологиялық ізін қысқарту үшін Компания энергияны пайдалануды азайту және оңтайландыру бағдарламаларына ерекше назар аударады.
Қазатомөнеркәсіп энергия тиімді жабдықты енгізе отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен, өндірістік процестерді жаңғырта отырып, энергия тиімділігін арттырады және өндірістің энергия сыйымдылығын азайтады. Энергия көздерін тұтыну және энергия тиімділігін арттыру саласында Компания басшылығы үшін уранды шығаруға жұмсалатын электр энергиясы шығысының жылдық жоспарлы үлестік нормаларынан асуына жол бермейтін ҚТК белгіленген.
Топ кәсіпорындарында бес жылда бір рет Энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау үшін энергия аудиті жүргізіледі. Оның нәтижелерін Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде пайдаланады. Жоспар жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жоспары шеңберінде қалыптастырылады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде үнемделген отын-энергетика ресурстарының саны 2021 жылы 170 мың ГДж құрады.
2021 жылы Компания 2020 жылмен салыстырғанда энергия тұтынуды 8% ұлғайтты, бұл өнім өндірудің, шикізатты өндірудің және қайта өңдеудің ұлғаюына байланысты.
Энергияны тұтыну, мың ГДж60
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Жылу энергиясы | 11 659 | 921 | 994 |
Электр энергиясы | 5 341 | 2 916 | 3 138 |
Жиыны | 17 000 | 3 836 | 4 132 |
Бастапқы энергия көздерін пайдалану, мың ГДж
Қайнар көзінің түрі | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Жаңартылмайтын: | |||
Көмір | 12,3 | 17,9 | 17,6 |
Отын (жанармай, мазут, дизель) | 1 595 | 1 318 | 1 431 |
Жаңартылатын: | |||
ЖЭК | 20 | 21 | 19 |
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету проблемаларының бірі – найзағайдың шамадан тыс жүктелуі, желдің және көктайғақтың жүктемесі сияқты табиғи атмосфералық құбылыстардан туындаған электр беру әуе желілерінің (ӘЖ) ажыратылуы болып табылады. Бұл ретте көктайғақ және жел түріндегі бір мезгілде жүктеме электр энергиясы сапасының техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін ӘЖ-дегі технологиялық бұзылулардың (үзілістің, қабаттасудың, сымдардың қатты қызуының) неғұрлым ауыр салдарына әкеліп соғады.
2020 жылы «Уранэнерго» ЖШС «Метеор зауыты» АҚ-мен көктайғақ жүктемелерін бақылаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (көктайғақтың пайда болуын бақылау бекеті, жел, көктайғақ жүктемесі мен сымдар температурасының датчиктері) «Уранэнерго» ЖШС-нің 110 кВ-ӘЖ желілерін орнатуға шарт жасасты. 2021 жылы пайдалануға берілген қондырғы табиғи атмосфералық әсер ету кезінде ӘЖ сымдарының үзілу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді, бұл электрмен жабдықтау сапасына оң әсерін тигізді.
Қазатомөнеркәсіп жылумен жабдықтаудың оңтайлы режимдерін әзірлеу және енгізу жұмыстарын бастады. Қазандық жабдықтарын автоматты басқару функцияларын және АСТУЭ негізінде технологиялық параметрлерді автоматты түрде реттеу, көше температурасы датчиктерін қосу арқылы Компания жылу жүйелерін үнемді, сенімді және сапалы басқаруға қол жеткізгісі келеді. Орнату сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты жүйеде салқындатқыштың температурасын берілген параметрлер бойынша автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді.
2021 жылы Топ кәсіпорындарында отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) тұтыну 2020 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға өсті. Бұл өнім өндірудің, шикізатты өндірудің және оны қайта өңдеудің артуына байланысты болды. Бұл ретте меншікті энергия сыйымдылығы 2021 жылы 1,9%-ға қысқарды.
Энергия сыйымдылығы61
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Өнім өндіруге, шикізатты өндіруге және оны қайта өңдеуге отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, мың ГДж | 6 948 | 4 252 | 4 590 |
Өнім өндіру, шикізат өндіру және оны қайта өңдеу, тонна | 22 761 | 19 587 | 21 834 |
Меншікті энергия сыйымдылығы, мың ГДж/т | 0,305 | 0,217 | 0,210 |
Қазатомөнеркәсіп энергияны өндірудің көміртекті түрінен неғұрлым орнықты өндіріске көшу есебінен энергиямен жабдықтаудың тиімділігін арттыруға ұмтылады. Осыған байланысты Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ықпал ететін баламалы энергия көздері белсенді пайдаланылады:
Фотоэлектр станцияларынан электр энергиясын өндіру, МВт * сағат
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Өндірілетін электр энергиясының көлемі | 4,32 | 3,52 | 3,34 |
2021 жылы баламалы энергия көздерін пайдаланудың әсері, мың теңге
90 950
Фотоэлектрлік
станциялар
29 902
Гелиоколлекторлар
20 888
Жылу сорғы
қондырғылары
Компания өз кәсіпорындарында энергияның жаңа балама көздерін қолдану мүмкіндіктерін тұрақты негізде қарастырады. 2022 жылы Оңтүстік Инкай кенішінде, «Оңтүстік Тау-химия компаниясы» БК» ЖШС-де 100 кВт жел қондырғысын (ЖЭС) жобалау және орнату бойынша жұмыстар жоспарланған.
2022 жылға Компания кәсіпорындары бойынша көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу және декарбонизациялау бағдарламасын әзірлей отырып, өнімнің көміртегі ізін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары үшін ЖЭК дамыту және парниктік газдар шығарындыларын азайту мәселесінің шешімікелешекте де энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады, оның негізгі бағыттары мынандай:
Жаңартылатын энергия көздері ретінде Компанияның бірқатар кәсіпорындарында ыстық сумен жабдықтауға арналған гелиоколлекторлар және жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу сорғы қондырғыларын орнату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Аталған іс-шаралар дизель отынына жұмсалатын шығындарды қысқартуға және тиісінше парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. 2022 жылға «Оңтүстік Инкай» кенішінде және «Оңтүстік Тау кен-химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нде қуаты 100 кВт болатын жел генератор қондырғысын жобалау және орнату бойынша жұмыстар жоспарланған, 2022 жылдың 2 тоқсанында «Қаратау» ЖШС вахталық кентіндегі қазандық қондырғыларын техникалық қайта жарақтандыру, су жылыту қазандықтарын дизель отынынан сұйытылған газға ауыстырып, пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
Табиғатты қорғау шараларына арналған инвестициялар
Алынатын судың жалпы мөлшері
Қоршаған ортаны қорғау Топ қызметінің жоғары басымдықтарының бірі болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ адамдардың қоршаған ортаға, денсаулығына, қауіпсіздігі мен өмір сапасына әсері үшін өзінің жауапкершілігін мойындайды. Компания экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Топтың өндірістік қызметі орналасқан орындарында табиғи ортаны сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданады, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланады және өзінің экологиялық әсерін барынша азайтады.
Топтың қоршаған ортаны қорғауды басқаруға ұстанымының негізгі қағидаттары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Саясатында баяндалған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның мақсатты өндірістік жоспарларын іске асыра отырып, адамдарды таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоршаған ортаға әсердің нөлдік деңгейіне жету бойынша алдына міндеттер қоя отырып, болашақ ұрпақ үшін планетаны сақтауға ұмтылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласында кешенді шаралар мен іс-шараларды жүргізе отырып, Компания қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырады, өз кәсіпорындарының тұрақты дамуына кепілдік береді.
Қазатомөнеркәсіп әсіресе еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаға әсер ету саласында сақтық қағидатын пайдаланады. Бұл қағидат тәуекелдерді басқару процесінде іске асырылады.
Табиғи уран өндіру бойынша жаңа технологиялар мен үздік әлемдік практикаларды енгізе отырып, Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаны қорғауға (ҚОҚ) және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты процестерді жетілдіреді. Табиғи уранды өндіру үшін жер қыртысынан элемент алудың неғұрлым экологиялық әдісі – адамдардың денсаулығы үшін тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін, өндіру аяқталғаннан кейін жерасты суларының өздігінен қалпына келуін қамтамасыз ететін және аумақтардың ауқымды радиоактивті ластануының болмауымен сипатталатын жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) пайдаланылады.
2030 жылға дейінгі қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік Күн тәртібі аясында Топ БҰҰ-ның 3, 7, 8, 9, 12, 13 – Тұрақты даму мақсаттарын – радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, басты басымдықтардың бірі ретінде анықтады.
Топтың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ біріктірілген басқару жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін экологиялық менеджмент жүйесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы күш-жігерді Компанияның өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметімен, сондай-ақ басқа да аралас облыстармен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздік департаменті табиғат қорғау қызметін басқаруды корпоративтік орталық деңгейінде жүзеге асырады. Бұл ретте Топтың еншілес және тәуелді ұйымдарында ҚОҚ саласындағы қызметті басқаруға жауапты бөлімшелер құрылды.
Компания басшылығы экология саласындағы ахуалды тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Апта сайын аппараттық және өндірістік кеңестер аясында өндірістік қауіпсіздік Департаменті Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне экологиялық аспектілерді басқару мәселелері бойынша есеп дайындайды. Тоқсан сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитетінің (HSE) мүшелері үшін ESAP Жол картасына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы есеп қалыптастырылады.
2021 жылғы 4 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «РИТМ-Блок» платформасында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі «Қазатомөнеркәсіп – қоршаған ортаға қамқорлықпен!» атты онлайн іс-шара өткізді. Қазатомөнеркәсіп өкілдері компанияның әлемдік трендтерге және Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық заңнамасына байланысты жаңа сын-тегеуріндер мен өзгерістерге әзірлігін мәлімдеп қана қоймай, корпоративтік орталықтың қоршаған ортаны қорғау бағыттарын үйлестіру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмысын таныстырды, сондай-ақ кәсіпорындарда іске асырылып жатқан биоалуантүрлілік, көгалдандыру және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларын ұсынды. Іс-шара барысында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Басқарушы директор Ысқақов Манас Топта сөзсіз басымдық өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғаудың маңыздылығы мен қажеттілігі, өндірістік қызметтің қатысу өңірлеріндегі экологияға әсерін барынша азайту жөніндегі шаралар болып табылатынын атап өтті.
2021 жылы экологиялық саладағы ESOP іс-қимыл жоспарын іске асырудың Жол картасын іске асыру шеңберінде:
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес есепті кезеңде Топ ЕТҰ ӨЭК жоспар-кестесінің негізінде аккредиттелген мердігерлік ұйымдарды (зертханаларды) тарта отырып, тоқсан сайын өндірістік экологиялық бақылауды (ӨЭК) жүзеге асырды.
Қоршаған ортаға әсерді болжау мен мониторингілеуді жақсарту және кеніштердің жабылуын жоспарлауды жақсарту жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберінде 2021 жылы Қазатомөнеркәсіп экологиялық сараптаманы жетілдірді. Бұдан басқа, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС жанындағы экологиялық жобалау және мониторинг орталығы «ЖҰШ кенішінің өндірістік объектілерінің қоршаған орта объектілеріне және жергілікті халыққа экологиялық және әлеуметтік әсерлерін зерттеу» тақырыбындағы ҒЗТКЖ жұмысын аяқтады.
Есепті кезеңде ЕТҰ ҚР жаңа Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау бойынша шешімдер алынды.
2021-2022 жылдары ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында «ҮМЗ» АҚ кәсіпорынына кешенді технологиялық аудит жүргізді. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-ның қорытындысына сәйкес жүргізілген кешенді технологиялық аудит нәтижелері бойынша «ҮМЗ» АҚ-да технологиялық процестерді іске асыру және қоршаған ортаны қорғау бөлігінде ең озық қолжетімді техникалар енгізілді. Аудит барысында тіркелген «ҮМЗ» АҚ негізгі технологиялық процестерін іске асыру көрсеткіштерін ОҚТ ұлттық анықтамалығына енгізу ұсынылды.
Топтың барлық өндірістік кәсіпорындарында ISO 14001 стандартына негізделген экологиялық менеджмент жүйесі және ISO 50001 стандартына негізделген энергоменеджмент жүйесі енгізілген.
Тәуелсіз аудит табиғи уран қосылыстарының экспорттық жеткізілімдерін ұйымдастыру кезінде ISO 14001:2015 (экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттау) және ISO 45001:2018 (Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджментін сертификаттау) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетінін куәландырды.
Табиғатты қорғау қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз ету, озық халықаралық салалық практиканы (GIIP) зерделеу және қолдану бөлігінде қажетті құзыреттер мен білім алу үшін Компания тұрақты негізде ЕТҰ басшылары мен жер қойнауын қорғауға, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге жауапты мамандар қатарынан Топ қызметкерлері үшін экологиялық қауіпсіздік саласында оқытуды жүргізеді.
2021 жылы ЕТҰ басшылары мен жер қойнауын қорғауға, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге жауапты мамандар және әртүрлі мүдделі құрылымдық бөлімшелер (ЖСО) қатарынан Топтың 244 қызметкері мынадай бағыттар бойынша оқытудан өтті:
Топ табиғат қорғау қызметіне қомақты қаражат салады. 2021 жылы Қазатомөнеркәсіптің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған жалпы шығыстары 964,6 млн теңгені құрады. 2021 жылы Қазатомөнеркәсіп ОС эмиссиясы үшін 187,6 млн теңге салық төлемдерін аударды.
2021 жылы Топ кәсіпорындары бойынша экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін айыппұлдар мен экономикалық санкциялар 12,4 млн теңгені құрады. Қазатомөнеркәсіп есепті кезеңде экологиялық заңнаманы елеулі бұзушылықтарға байланысты сот талқылауларына қатысқан жоқ.
2021 жылы табиғатты қорғау іс-шараларына арналған инвестициялар, млн теңгемен
Қоршаған ортаға ұйымдастырылмаған эмиссияларды азайтуды қоса алғанда, технологиялық процестерді жетілдіру | 100,4 |
Қолданыстағы шаң-газ ұстау және су тазарту қондырғыларының тиімділігін арттыру | 87,5 |
Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу | 127,1 |
Компания тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерден, сондай-ақ мердігерлерден «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі» корпоративтік стандартының талаптарын сақтауды талап етеді. Бұл талаптар мердігер ұйымдар үшін міндетті болып табылады, сондай-ақ контрагенттер үшін ұсынымдық сипатта болады.
Өнім берушіні таңдау және контрагенттермен шарт жасасу кезеңінде Қазатомөнеркәсіп контрагенттерді Компанияның табиғат қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабардар етуді жүргізеді. Өндірістік қауіпсіздік департаменті мердігерлермен және жеткізушілермен келісімдерде қауіпсіздікке байланысты қажетті талаптар мен міндеттемелердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында шарттарды келісу процесіне міндетті түрде қатысады.
Өндірістік қауіпсіздік департаменті қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының жауапты қызметтерімен бірлесіп, мердігерлердің қызметін тікелей жергілікті жерлерде бақылайды, тексерулер жүргізеді, мердігерлердің қызметін бағалай отырып есептер қалыптастырады, тексерулер мен анықталған бұзушылықтардың санын көрсетеді.
Өз өнімдерін ядролық энергетиканы пайдаланатын 8 елге өткізе отырып, Топ осы елдердің төмен көміртекті даму векторына және атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайтуға өз үлесін қосады.
Қазатомөнеркәсіп технологиялық жетілдірулерді енгізу арқылы зиянды заттар шығарындыларын азайтуға ықпал ете отырып, өз өндірісінің ауа сапасына теріс әсерін азайтуды қамтамасыз етуге ұмтылады. Топ атмосфераға шығарындыларды азайтуға және ауа сапасына мониторинг жүргізуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырады:
Жалпы 2021 жылы Топ бойынша ластаушы заттардың шығарындылары 2020 жылғы 1 907,57 тоннадан 2021 жылы 1 845,19 тоннаға дейін 3,3% азайды. Ластаушы заттар шығарындыларының төмендеуі қоршаған ортаға эмиссияларға қолданыстағы рұқсаттар шеңберінде ЕТҰ-да табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларының орындалуына байланысты.
Топ кәсіпорындары электр энергиясын өндіру үшін күн энергиясын белсенді пайдаланады, осылайша мазут пен көмір сияқты дәстүрлі отын түрлерін тұтыну нәтижесінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындыларын азайтады. СО2 шығарындыларының төмендеуі шығарындылардың жалпы санының шамамен 3% құрады.
Топтың күн фотоэлектрлік станциялары өндіретін жылдық электр энергиясын өндіру 3,34 МВт*сағ құрайды. Өндірілетін электр энергиясы жыл сайын 90 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Электр энергиясының артығы Топ орналасқан өңірлердің тұрғындары мен кәсіпорындарының пайдалануы үшін жергілікті электр желілеріне беріледі.
Су ресурстарын тиімді басқару – Компанияның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатын іске асырудың, оның ішінде жергілікті қоғамдастықтармен, мемлекетпен және инвесторлармен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін құрамдас бөлігі. Компания су тұтынуды азайтуға тырысады және су алу көлемін азайту және қайта пайдалану көлемін ұлғайту үшін барынша күш салады. Қазатомөнеркәсіп өзі орналасқан барлық өңірлерде сумен жабдықтау тәуекелдеріне тұрақты мониторинг және бағалау жүргізеді. Кейбір аймақтарда Компания жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіпті сумен қамтамасыз етеді. Деминерализацияланған су-бұл жергілікті қауымдастықтардың қажеттіліктері үшін сыртқы желіге жеткізілетін электр энергиясын өндіруге арналған шикізат.
Су ресурстарын өндірістік қызметте пайдалану кезінде Компания «Барлығына арналған су ресурстарының және санитарияның болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету» 6 – БҰҰ ТДМ қоса алғанда, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін басшылыққа алады, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының Су кодексіне (66-бап) сәйкес жүзеге асырады. Су пайдалану су ресурстарын қорғау саласындағы рұқсат беру құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте кәсіпорындарды сумен жабдықтау: өндірістік-техникалық және ауыз су түрінде бөлек пайдаланылады.
Суды алу ЖҰШ технологиялық регламенттерінің талаптары мен нормаларына сәйкес, сондай-ақ халықты ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Жер асты суларын өндіру Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары берген арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттың негізінде су пайдаланушының су жинау учаскелерінен жүргізіледі.
Өндірістік және өндірістік емес қажеттіліктерге орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды жүзеге асыратын кәсіпорындар алынатын судың есебін ұйымдастырады, су тарту құрылыстарының, ішкі сумен жабдықтау жүйелерінің, суды есепке алу тораптарының жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізеді.
Топ кәсіпорындары су алуды жүзеге асыратын су объектілері олардың мөлшеріне, рөліне немесе сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген немесе жойылып кету қаупі төнген жүйе мәртебесіне байланысты аса осал болып табылмайды. Топ кәсіпорындарының Су алуы рұқсат беру құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады және су көздеріне елеулі әсер етпейді.
Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Су кодексінде, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленеді.
Алынатын судың көлемі, мың м3
Қайнар көзі | 2021 |
---|---|
Жер үсті сулары | 6,5 |
тұщы су | - |
басқа сулар | 6,5 |
Жер асты сулары | 8 531,3 |
тұщы су | 3 802,7 |
басқа сулар | 4 728,7 |
Сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелері | 1 582,9 |
тұщы су | 1 582,9 |
басқа сулар | - |
Алынатын судың жалпы мөлшері | 10 120,7 |
Есепті кезеңде су қабылдағыштың құрылымы өзгерген жоқ. Алынатын судың жалпы мөлшерінің 84%-ы жер асты суларына тиесілі. Жер үсті көздерінен 0,06% су алынады. Муниципалдық және басқа да сумен жабдықтау жүйелерінен су алу 39,9%-ға, 1 131,1 мың м3-ден 1 582,9 мың м3-ге дейін ұлғайды. Су тұтынудың артуы 2021 жылы уран өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.
Табиғи көздерден су алуды азайту үшін топтың кейбір кәсіпорындары жабық айналым циклдерін қолдана отырып жұмыс істейді. 2021 жылы бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су көлемі 50 384 мың м3 құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,59%-ға аз.
Көп рет және қайта пайдаланылатын судың жалпы көлемі, мың м3 62
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Көп рет және қайта пайдаланылатын судың жалпы көлемі | 50 443 | 50 683 | 50 384 |
Топ кәсіпорындарында суды пайдаланған кезде өндірістік, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар пайда болады. Жер үсті су объектілеріне су бұру өнеркәсіптік алаң аумағындағы нөсер суларынан және технологиялық процесте пайдаланылмайтын нормативтік таза сулардан қалыптастырылады және тазартылғаннан кейін су ағызу нөсер кәрізідерінің көздері арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кеніштердің ағынды суларының төгінділері жинақтағыш тоғанға ағызылады.
Төгінділердің барлық көлемі тазартудан өтеді және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтаудың қазақстандық әдістемесіне сәйкес ағызылатын судың сапасына қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың химиялық құрамын айқындауды қоса алғанда, су объектілерінің жай-күйіне мониторингті тұрақты аккредиттелген мамандандырылған зертханалар жүргізеді. Мониторинг бағдарламасы орталықтандырылған кәріз желілеріне қосылған барлық өнеркәсіптік алаңдардағы сарқынды сулардың сапасын зерттеуді қамтиды.
2021 жылы кәсіпорындардың сарқынды суларды ағызу көлемі 4 823,0 мың м3 құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға аз.
Есепті кезеңде «Инкай» БК» ЖШС ағынды сулардың кәріз тұндырғыларын тазарту бойынша регламенттік рәсімдерді жүргізді. Тазарту барысында 150 тонна шөгінді тұнба тазартылды. Жүргізілген жұмыстар ағынды сулардағы шекті рұқсат етілетін концентрациялардың асып кетуіне жол бермеуге ықпал етті және су шығарудағы ластаушы заттар құрамының асып кетуіне жол бермеді.
ЖҰШ әдісін пайдалана отырып уран өндірудің технологиялық процесінде жер асты суларының ластану қаупі бар. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазатомөнеркәсіптің барлық пайдаланылатын кеніштерінде экологиялық қатерді барынша азайту мақсатында жобалау құжаттамасындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдері негізделген.
2021 жылы Компания «Уранның жер асты суларына ЖҰШ әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» атты корпоративтік стандартын бекітті және уран өндіруші кәсіпорындар жер асты суларының мониторингін енгізді және жүзеге асырады. Стандарттың мақсаты – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран кен орындары орналасқан ауданда уранды жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру тәсілімен өндіру кезеңінде және осы процесті уран өндіруші кәсіпорындар аяқтағаннан кейін табиғи сулардың жай-күйіне мониторинг жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу.
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қызметті жүзеге асыру өндірістік және коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен ұштасады. Қалдықтарды қауіпсіз басқару және оларды кәдеге жарату – Қазатомөнеркәсіптің басым міндеттері. Қалдықтарды өңдеу мүмкін болмаған жағдайда Компания оларды залалсыздандыруды және экологиялық қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз етеді не оларды мамандандырылған ұйымдарға береді.
Топ қалдықтармен жұмыс істеу кезінде ұлттық заңнаманың талаптарын басшылыққа алады, ол кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және жою үшін барлық түзілген қалдықтардың түріне және құрамына қарай оларды бөлек жинауды қамтамасыз етуге міндеттейді. ЕТҰ-да контейнерлер мен металл сыйымдылықтарға арналған уақытша жабдықталған алаңдар айқындалған, олар қалдықтардың түрі, сондай-ақ олардың қауіптілік дәрежесі көрсетілген жақсы көрінетін айырым белгілерімен белгіленген.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы корпоративтік стандарттар:
Қалдықтарды басқарудың бекітілген бағдарламалары мен қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сәйкес мынадай іс-шаралар орындалуда:
Компания қалдықтардың пайда болуының алдын алуға міндетті бақылауды жүзеге асырады. Барлық жоспарланған іс-шаралар жұмыс жоспарларына сәйкес орындалады, тиісті нәтижелер тиісті түрде тіркеледі. Есепті кезеңде елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ.
Есепті кезеңнің соңында Қазатомөнеркәсіп жинаған қалдықтардың жалпы көлемі 1 016,6 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 10,0%-ға аз. Олардың негізгі бөлігі өнеркәсіптік қалдықтарға тиесілі, бұл – қалдықтардың жалпы массасының 87,9% құрайды. 2021 жылы өнеркәсіп қалдықтарының жалпы массасы 10,3%-ға қысқарды.
Компанияда қалдықтарды жинаудың бөлек жүйесі қабылданған. ЕТҰ аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда жүзеге асырылады. Қауіпті өндірістік қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға сақтауға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға беріледі. Қауіпті қалдықтардың барлық тізбесі үшін қалдықтар туралы негізгі ақпарат: атауы, қауіпті қасиеттерінің тізбесі, құрамы, уыттылығы және қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары көрсетілген паспорттар әзірленді.
Қазатомөнеркәсіп қауіпті қалдықтарды тасымалдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тек лицензиясы бар ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады. 2021 жылы компания қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асырмады.
Уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде тек қатты төмен радиоактивті қалдықтар (ТНРО) түзіледі.
Өндіру процесінде пайда болатын қатты радиоактивті қалдықтар:
Топтың өндіруші кәсіпорындары қатты радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген орындарда Қазақстан заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуды жүзеге асырады. Қатты радиоактивті қалдықтардың мұндай түрлері төмен белсенді болып сипатталады және қатты радиоактивті қалдықтармен сәулелену деңгейі бойынша қауіп деңгейі жағынан ең азы болып табылады.
2021 жылы Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының радиоактивті қалдықтарының (РАҚ) жалпы көлеміне ТНРО-ның әртүрлі түрлерінің үлесі, %
ТНРО түрлері | РАҚ жалпы көлеміне салым |
---|---|
Құм тұндырғышт құмдары, тұнбасы, ластанған топырақтар | 75,3 |
Сынған шайыр | 1,9 |
Металды қалдықтар | 2,6 |
Арнайы киім, ЖҚҚ, шүберек, сүзгілер | 6,2 |
Пластикалық қалдықтар (құбырлар және т. б.) | 1,2 |
Басқа да радиоактивті қалдықтар | 12,8 |
Компания өзі орналасқан аймақтағы биологиялық алуан түрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсініп және қабылдай отырып, уран кен орындары аумағындағы флора мен фаунаның жағдайын зерттеуге бар күшін салады.
«Зертхана-Атмсофера» ЖШС-мен жасалған шарт шеңберінде» «ҮМЗ» АҚ-ның ауаның, су ресурстарының және/немесе экожүйелердің кумулятивтік ластануына үлесін анықтау жобасын» орындау барысында жануарлар әлемі әртүрлі жануарлардан, негізінен кемірушілерден тұратыны анықталды. Ірі сүтқоректілер жоқ және жануарлардың жойылып кету қаупі бар түрлері тіркелмеген.
«LLP ROYAL» ЖШС 2021 жылы «Сауда-Көлік Компаниясы» ЖШС «ТТК-Шиелі» және «ЦАПБ» филиалдарының өндірістік қызметінің қоршаған ортаға және жергілікті халыққа әсерін бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Зерттелетін учаскелердің флорасы мен фаунасына визуалды бақылаулар жүргізілді. Бағалау қорытындысы бойынша филиалдардың жанындағы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне теріс әсердің болмағаны анықталды.
ESAP жоспарын іске асыру жобасының периметріне кіретін барлық ЕТҰ Қазатомөнеркәсіптің өндірістік учаскелеріне іргелес аумақтардағы биоалуантүрлілікті бағалау жөніндегі зерттеулермен қамтылған.
Топтың меншігіндегі, жалға алған және басқаруындағы жердің жалпы ауданы 51 923,55 га құрайды, Топтың уран кен орындарының аумағында немесе олармен шектесетін қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи жерлер жоқ.
Компанияның қызметі халықаралық Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабына және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлері үшін қауіп төндірмейді.
Қазатомөнеркәсіп өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнеркәсіп жерлерінде және елді мекендер жерлерінде жүзеге асырады. Топтың қызметі биоәртүрлілікке тікелей айтарлықтай әсер етпейді.
ESAP Жол картасын іске асыру аясында компания тау-кен жұмыстары қызметінің тіршілік ету ортасына, өсімдіктерге, жануарлардың қорғалатын түрлеріне әсер ету деңгейін анықтау міндетіне ие.
Биоалуантүрлілік саласындағы ESAP Жол картасын іске асыру шеңберінде Қазатомөнеркәсіп «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның электр беру желілерінің әсерінен құстарды қорғау бағдарламасын іске асыруда.
2021 жылы Қазатомөнеркәсіп тау-кен жұмыстарымен бұзылған мекендеу орындарын көрсете отырып, карта жасаудың бастамашысы болды. Тіршілік ету ортасын дәлірек анықтау және сезімтал экожүйелерді анықтау үшін биоәртүрлілікті зерттеу жұмыстары құстар мен сүтқоректілердің маусымдық көші-қонын ескере отырып жүзеге асырылады.
Компания «Уран кен орындарында, өндірістік объектілерде және оларға іргелес аумақтарда биоалуантүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың» корпоративтік стандартын әзірлеп, іске асыру үшін ЕТҰ-ға жіберді.
Қазатомөнеркәсіп өндіруші кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Кен орны учаскелерін өңдеу шамасына қарай жерді шаруашылық айналымға қайтара отырып, ландшафт пен өсімдік қабатын қалпына келтіру бойынша кезең-кезеңмен рекультивациялық жұмыстар жүзеге асырылады. 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ–ның екі кен орны-Уванас және Оңтүстік Мойынқұм (Мойынқұм кен орнының № 1 уч.оңтүстік бөлігі (Оңтүстік)) келісімшарттық аумақтарында жою және рекультивациялау жұмыстарына дайындық жүзеге асырылды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін таратудан 3 жыл бұрын Қазатомөнеркәсіп жоюға жататын жер қойнауын пайдалану салдары, флора мен фаунаның орнын толтыру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жөніндегі жоспарлар бар учаскенің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы мәліметтерді қамтитын жою жобасын әзірлеуге міндетті.
Кен орындарын жою жоспары жерді рекультивациялаудан кейін де жүргізілетін мынадай жұмыстар кешенін көздейді:
2021 жылы «Жоғары технологиялар институты» ЖШС табиғи-климаттық жағдайларға (топырақтың сортаңдануы, ауыз судың сапасының нашарлығы, құрғақ климат); Арал теңізінің кебуіне байланысты экологиялық апаттарға (тұзды шаңды дауылдар, биоәртүрліліктің төмендеуі, топырақ құнарлылығының төмендеуі) байланысты елеулі экологиялық проблемалары бар өңірдегі жалпы антропогендік әсерден ); экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді ескере отырып, техногендік әсерді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қызметімен тікелей байланысты әсерлерді ажырату мақсатында жұмыстар жүргізді.
Жұмыс қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңдегі экологиялық және әлеуметтік салалардағы (ESAP) іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы қорытынды есеп дайындалды және шығарылды.
2022 жылы Компания Қазатомөнеркәсіптің уран кен орындарындағы экологиялық жағдайды бағалау және биоалуантүрлілікті бағалау жөніндегі зерттеулерді жалғастырады.
2022 жылы Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр:
Сондай-ақ, Топ мамандары МАГАТЭ-нің қауіпсіздік, уран өндірісі объектілерін пайдаланудан шығару, уран кен орындары мен уран мұрасы объектілерін рекультивациялау бойынша техникалық жиналыстарға, семинарларға және оқыту тренингтеріне қатысуды жоспарлап отыр.
Фотосуреттің авторы: Ринат Хайбулин
Топ 26 кен орнында (учаскелерде) өндіруді жүзеге асырады. Кен орнын игеру ЖҰШ әдісімен жүйелі түрде технологиялық блоктарға бөлу арқылы жүргізіледі. Орта есеппен кен орнындағы бір технологиялық блок үш-төрт жылда пысықталады.
Қазақстанда ЖҰШ әдісімен уран өндіру
Бөлінбеген экономикалық құн
Қазатомөнеркәсіп мүдделі тараптар үшін олардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес ұзақ мерзімді құндылықтар жасауды өзінің мақсаты деп санайды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Компания өзара іс-қимылдың әртүрлі тәсілдері мен коммуникация арналарын пайдалана отырып және екі жақты коммуникация жүйелерін жетілдіруге және кері байланыс алуға ерекше назар аудара отырып, стейкхолдерлермен тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құрады.
Компанияның мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын реттейтін негізгі құжаттар:
Қазатомөнеркәсіп өз стейкхолдер қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді коммуникация арналарын қалыптастырған.
2021 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты барлық кездесулер мен іс-шаралар коронавирусты жұқтыру қаупін азайту үшін аудио және видео конференция технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде өткізілді.
Қазатомөнеркәсіптің ағымдағы қызметіне және стратегиялық дамуына әсерін бағалау, сондай-ақ Компанияның сыртқы мүдделі тараптармен қалыптасқан өзара іс-қимыл тәжірибесі және олардың оның жұмысының нәтижелеріне тәуелділігі одан әрі өзара іс-қимыл жасау мақсатында мүдделі тараптарды анықтау және іріктеу үшін негіз болып табылады.
Компания барлық стейкхолдерлердің мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мүдделі тараптардың картасын әзірледі.
Қазатомөнеркәсіп өз қызметінің салдарын сезіне отырып, мүдделі тараптармен төмендегі қағидаттар негізінде өзара іс-қимыл жасайды:
Қазатомөнеркәсіп пен стейкхолдерлердің өзара әсерін бағалау бөлігіндегі мүдделі тараптардың картасы, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары жыл сайынғы негізде өзектендіріледі. 2021 жылы картаның өзектілігі менеджмент сауалнамасымен расталды.
Мүдделі тараптармен қарым-қатынас орнату
Стейкхолдердің компанияға деген қызығушылығы | Өзара әрекеттесу механизмдері |
---|---|
Акционерлер | |
|
|
Тұтынушылар | |
|
|
Инвестициялық сарапшылар | |
|
|
Менеджмент пен персонал | |
|
|
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер | |
|
|
Бизнес-қоғамдастықтар (қауымдастықтар, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ) | |
|
|
Серіктестер | |
|
|
Мемлекеттік органдар | |
|
|
Халықаралық ұйымдар | |
|
|
Несие берушілер | |
|
|
Жергілікті атқарушы органдар | |
|
|
Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті тұрғындар | |
|
|
Кәсіподақ | |
|
|
Еншілес және тәуелді ұйымдар | |
|
|
Мамандандырылған ұйымдар (оның ішінде «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры) | |
|
|
Қор биржалары | |
|
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ашықтығы мен есептілігін арттыру үшін негізгі мүдделі тараптардың өкілдері Компания қызметінің қоғамдық маңызы бар аспектілерін талқылау және осы қызметті дайындалып жатқан есепте көрсету жөніндегі сұхбаттарға қатысу арқылы есепті дайындауға тартылады. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл халықаралық стандарттар талаптарының ажырамас бөлігі болып табылады: AA1000 Stakeholder Engagement Standard (2015), орнықты даму саласындағы есептілік стандарттары (GRI SRS), Біріктірілген есептіліктің халықаралық негіздері.
Оны дайындау кезінде мүдделі тараптарға толтыруға арналған нысандар жіберіледі:
Мүдделі тараптардың ұсыныстарын есепке алу
Мүдделі тараптардың ұсынымдары | 2021 жылғы МКҚ бөлімдеріндегі ұсынымдарды есепке алу |
---|---|
Есептің барлық бөлімдері бойынша жоспарланған іс-шараларға қатысты қосымша ақпарат ұсыну | Бұл ұсыныс IGO-ның барлық бөлімдерінде ескерілді |
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке көбірек көңіл бөлу | «Тұрақты даму» бөлімінде ескерілген |
Жеткізу тізбегіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету тақырыбын ашуды кеңейту | «Тұрақты даму» бөлімінде ескерілген |
Тұрақты даму саласындағы тәуекелдерге көбірек көңіл бөлу | «Корпоративтік басқару және әдеп» бөлімінде ескерілген |
Қазатомөнеркәсіпте мүдделі тараптардың түйінді топтары мен корпоративтік басқарудың жоғары органы арасында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар өткізудің ерекше рәсімдері қабылданды.
Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер Директорлар кеңесінің мамандандырылған комитеттері деңгейінде және ЕТҰ қадағалау кеңестері деңгейінде тұрақты түрде қаралады. ДК комитеттері орындаған негізгі жұмыс нәтижесінде, атап айтқанда алдын-ала қарау, ДК құзыретінің маңызды мәселелерін пысықтау және осы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау бойынша ұсынымдар қалыптастыру нәтижесінде ДК үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға сәтті төтеп беруге және тез бейімделуге және корпоративтік басқарудың аса маңызды қағидаттарын сақтауға мүмкіндік алады.
Қазатомөнеркәсіп акционерлерге, жұмыскерлерге, әріптестерге және басқа да мүдделі тараптарға экономикалық құнды құру нәтижелері туралы ашық және айқын хабарлайды. Осы көрсеткішті ашу Компанияның стейкхолдерлеріне топтың есепті кезеңде экономикалық құнды қалай құратынын және оны қалай бөлетінін көруге мүмкіндік береді.
2021 жылы бөлінбеген экономикалық құн 220,03 млрд теңгені құрады.
Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн, млрд теңгемен
Тарау | Мүдделі тараптар тобы | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|---|
Құрылған тікелей экономикалық құн | ||||
Кірістер64 | Мүдделі тараптардың кең тобы | 621,13 | 667,12 | 761,53 |
Бөлінген экономикалық құн, оның ішінде | ||||
Операциялар шығыстар65 | Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер | 273,42 | 288,11 | 373,59 |
Жалақы | Жұмыскерлер | 49,15 | 50,72 | 53,05 |
Проценттер мен дивидендтер бойынша шығыстар | Акционерлер, несие берушілер, инвестициялық сарапшылар | 11,96 | 7,68 | 6,71 |
Табыс салығынанн басқа салықтар | Мемлекеттік органдар | 27,79 | 24,73 | 26,14 |
Табыс салығы брйынша шығыстар | 33,51 | 63,78 | 61,62 | |
Өзге шығыстар | 8,51 | 9,73 | 15,86 | |
Әлеуметтік салаға арналған шығыстар (жергілікті қоғамдастыққа инвестициялар) | Жергілікті тұрғындар | 1,07 | 1,01 | 4,54 |
Бөлінбеген экономикалық құн | 213,75 | 221,37 | 220,03 |
Сатып алу жоспарларының жалпы сомасы
Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы және табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы бола отырып, ауқымды географиясы мен бизнес ауқымына ие бола отырып, сатып алудың оңтайлы шарттарымен ұштастыра отырып, компанияның қажетті ресурстарға деген қажеттілігін тиімді, уақтылы және толыққанды қамтамасыз етуге ерекше мән береді.
Сатып алуға жауапты көзқарас өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға, жеткізушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеткізу тізбегі шеңберінде сатып алу қызметінің тиімділігін, бақылауын және ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
Топтың сатып алу бөлігіндегі негізгі басымдықтары:
Сатып алу қызметін басқаруға сатып алу жөніндегі Басқарушы директордың басқаруындағы Сатып алу департаменті жауап береді. Жауапты бөлім әр түрлі нысандарда бизнес үшін құндылықты құруды барынша арттыруға тырысады: сапа, мерзімділік, қауіпсіздік, өнімділік, тәуекелдерді азайту. Ол үшін Қазатомөнеркәсіп Сатып алу департаменті қызметкерлерінің кәсіби құзыретін үнемі кеңейтіп, жаңа технологиялық шешімдерді қолданып келеді.
Компанияның сатып алу жөніндегі қызметі мынадай негізгі құжаттармен регламенттеледі:
Қоғамның компаниялар тобы бойынша Сатып алу жоспарларының жалпы сомасы 227,64 млрд теңгені құрады.
Жасалған шарттардың сомасы – 212,02 млрд теңге. Бұл ретте сатып алу жоспарларын игеру – 93,14% құрайды.
Бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген сатып алудың жалпы сомасы – 20,86 млрд теңгені немесе өткізілген сатып алудың жалпы сомасының 9,8% -ін құрады.
Ашық тендер (АТ), баға ұсыныстарын сұрату (БҰ) тәсілдерімен өткізілген сатып алудың жалпы сомасы – 84,3 млрд теңгені немесе өткізілген сатып алудың жалпы сомасының 39,76% құрады.
Қордың компаниялар тобы бойынша жергілікті қамту үлесі – 80% құрайды, жоспар бойынша 77%. Сонымен қатар, «қарапайым заттар экономикасы» тауарлары бойынша Қоғамның компаниялар тобы бойынша орындалған шарттар сомасы 36,34 млрд теңгені құрады, бұл 87% құрайды.
Конкурстық сатып алу үлесін ұлғайту мақсатында Компания әлеуетті жеткізушілермен тендерлік құжаттаманы ресімдеу және беру шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бұл ретте жеткізушілерге қойылатын жоғары талаптарды алып тастайды және өндірістік үдеріске әсер етпейтін әкімшілік шығыстарды қысқартады.
2021 жылы Компания 2021 жылға арналған сатып алу жоспарына сәйкес 18 сатып алу категориялық стратегиясын іске асырды: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 7 сатып алу категориялық стратегиясы және Қордың 11 сатып алу категориялық стратегиясы.
Топ бойынша категориялы сатып алудың нақты көлемі 2021 жылы – 23,5 млрд теңгені құрады.
Қордың құзыреттілік орталығы («ЕҮК» ЖШС) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін 2021 жылға арналған сатып алу категориялық стратегияларын іске асырудан 2,19 млрд теңге деңгейінде пайданың жоспарлы көрсеткіштерін белгіледі. Алайда қордың портфельдік компаниялары пайдаларының жоспарлы көрсеткіштерін түзету шеңберінде бұл тұжырымдар 1,23 млрд теңгеге дейін төмендетілді.
2021 жылы эпидемиологиялық шектеулердің және ҚХРмен шекарадағы логистика проблемаларының ықпалына байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ кейбір сатып алу категориялық стратегияларын іске асыру бойынша мәселелерге тап болды. Оның ішінде, ҚР аумағында негізгі шикізат тапшылығына байланысты форс-мажор жағдайларының себебінен «ПНД және ПВХ құбырлары» ЗКС бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіруші кәсіпорындарына құбырлардың негізгі көлемінің 36%-ке жуығы жеткізілмеген. Жоғарыда аталған факторлар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ӨЕК бойынша қорытынды нәтижелерге елеулі әсер етті.
Компанияның 2021 жылғы санаттық стратегиясы
Топ стратегиясы | Қор стратегиясы |
---|---|
Көліктік-өткізу қызметтері | Электр энергиясы |
Сорғылар, жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектер | Жеңіл көлік пен автобустар |
Құбырлар | Медициналық сақтандыру |
Шығын өлшегіштер | Арнаулы аяқкиім |
Ион алмастырғыш шайыр | Кәбіл-өткізгіш өнім |
Сутегі пероксиді | Отын |
Аммиак өнімі | IT жабдықтар мен байланыс жабдықтары |
IT бағдарламалық жасақтама | |
Май және майлау | |
Жүк автокөліктері және арнайы техника | |
Арнаулы киім және ЖҚҚ |
Конкурстық сатып алу үлесін ұлғайту мақсатында Компания әлеуетті жеткізушілермен тендерлік құжаттаманы ресімдеу және беру шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бұл ретте жеткізушілерге қойылатын жоғары талаптарды алып тастайды және өндірістік үдеріске әсер етпейтін әкімшілік шығыстарды қысқартады. Бір көзден сатып алу жоспарланатын сатып алу конкурстық негізде ауыстырылады.
2021 жылы Компания SAP ERP жүйесінде сатып алу жоспарларын құруды жалғастырды. Бұл қызмет қысқа мерзімде жолдағы тауарларды және қоймадағы қалдықтарды ескере отырып, жоспарланған сатып алуды/ қажеттілікті шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қазатомөнеркәсіптің 2022 жылға арналған сатып алу жоспарлары SAP ERP жүйесінде қалыптастырылған. Қазір Компания SAP ERP және ИСЭЗ 2.0 ақпараттық жүйелерін тікелей автоматтандырылған біріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде, онда сатып алуды жоспарлау және шарттар бойынша деректермен тікелей алмасу тәсілі іске асырылатын болады. Іске асырудың болжамды мерзімі 2022 жыл.
Өңірлердің отандық жеткізушілерін қолдауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың ережелеріне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің ЕТҰ мен жергілікті жеткізушілер арасында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарттар жасасуға көмек көрсетеді.
2021 жылы топ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тізбесінде тұрған тауар өндірушілерден жеңіл, жиһаз, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау және химиялық материалдар өндірісі саласындағы отандық кәсіпорындар өндіретін тауарларды сатып алуды қамтамасыз етуді бақылауды жалғастырды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын (бұдан әрі – ҚЗЭ) іске асыру аясында экономиканың алты саласы (жеңіл, жиһаз, тамақ, құрылыс, машина жасау және химия) бойынша Холдинг тауар өндірушілерінен тауарлар сатып алынады.
Белгіленген көрсеткіштерге сәйкес, ҚЗЭ бойынша сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 87% құрайды.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС алаңында Компанияның ЕТҰ қатысуымен орталық жобалық кеңсе жұмыс істеуін жалғастыруда, оның аясында тауар өндірушілермен оффтэйк-шарттар жасалады. Сондай-ақ, саланың қажеттіліктеріне бейімделген жаңа отандық тауар өндірушілерді іздеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесі – 80%, жоспарлы көрсеткіш – 77% деңгейінде қол жеткізілді. 2020 жылы ұқсас кезеңдегі қорытынды көрсеткіш – 75%-ке тең болды.
Сатып алудағы жергілікті жеткізушілердің үлесі, %
Көрсеткіш | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|
Үлесі | 77 | 75 | 80 |
ҒЗТКЖ-ға арналған 57 шарттың жалпы сомасы
Зияткерлік меншік объектілеріне
Топ қызметкерлерімен берілді, оның ішінде 2 020 – қабылданды, 1 367-енгізілді
Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемін сақтау, тиімділікті арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі стратегиялық басымдықтарын іске асыруда ғылыми ізденістер мен инновациялық әзірлемелер маңызды рөл атқарады.
Қазатомөнеркәсіптің 2014-2022 жылдарға арналған инновациялық-технологиялық Даму стратегиясы мен саясаты туралы, сондай-ақ ғылыми-технологиялық қызметті басқару жөніндегі саясат туралы толық ақпарат алу үшін 2019 жылғы біріктірілген жылдық есепті қараңыз.
Қазақстандық уран өнімінің құнын ұлғайту және ғылымды қажетсінуін арттыру мақсатында ғылымды және инновацияларды басқару саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізгі үлес қосады:
Ғылыми-технологиялық қызметті жалпы үйлестіруді, зияткерлік меншікті басқару мен коммерцияландыруды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғылыми-технологиялық жобалар департаменті жүзеге асырады.
2021 жылы Компанияның өндірістік объектілерінде ғылыми қызметті үйлестіруді одан әрі жақсарту және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) нәтижелерін енгізу мақсатында Қазатопромның еншілес және тәуелді ұйымдары орындаған ҒЗТКЖ нәтижелерін жария ету бойынша іс-шара өткізілді.
Ғылыми-технологиялық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру туралы 4 шартқа қол қойылды:
Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдары («ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ, «Орталық» БК» ЖШС) арасындағы «Тауарлық десорбаттан табиғи уранның химиялық концентратын алу тәсілі» өнертабысын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық шарттарына қол қою бойынша келіссөздер жалғасуда.
Іс жүзінде топтың барлық ҒЗТКЖ өндірісті жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған. 2021 жылы ҒЗТКЖ-ның бірнеше ірі жобалары іске асырылды:
Жоба | 2021 жылғы нәтиже |
---|---|
Табиғи уранның химиялық концентраты мен уранның шала тотығы-тотығының өзіндік құнын төмендету үшін жаңа технологияларды, материалдар мен жабдықтарды енгізу | Тауарлық десорбатты наносүзгілеу қондырғысын өнеркәсіптік сынау бойынша жұмыс басталды, наносүзгілеудің технологиялық режімдері және осы технологияның техникалық-экономикалық көрсеткіштері анықталды. 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-не енгізілді |
Арнайы мақсаттағы химиялық реагенттермен үйлестіре отырып, кавитациялық-ағынды технологияларды қолданып, күкірт қышқылды сілтісіздендіру технологиясын әзірлеу | 2021 жылы өнеркәсіптік сынақтар өткізілді. Нәтижелер ЖҰШ кезінде қолдану келешектілігін көрсетті. 2022 жылы технологияның техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланған |
Уран өндіруші кәсіпорындардың дайын өнімдерінің портреттерін жасау үшін микроэлементтік және изотоптық құрамын зерделеу | Бұл жұмыстың тиімділігі портреттердің дерекқорының болуы кәсіпорындарда дайын өнімді рұқсатсыз пайдалану, жоғалту және ұрлау қаупін азайтуға мүмкіндік береді және ядролық материалдар мен технологиялардың заңсыз айналымын бақылау бөлігінде МАГАТЭ-нің ағымдағы және перспективалық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді |
2021 жылы VBA және PowerMap көмегімен Microsoft Excel ортасында бағдарламалық жасақтаманың прототипі жасалды. Базаның прототипі уран өндіруші және уран өңдеуші кәсіпорындардың дайын өнімінің үлгілерін сәйкестендіруді жүргізуге және сәйкестендіру нәтижелері туралы есеп қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда материалды және оның белгілі бір өндірушіге тиесілігін сәйкестендірудің жедел процедурасын жүргізуге мүмкіндік беретін GP үлгілерінің архиві құрылды.
Ғылыми зерттеулер үшін жұмыстың маңызды бағыттарының бірі экологиялық болып табылады. 2021 жылы өндіріс экологиялылығын арттыруға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілді:
Зерттеу | Мақсат | 2021 жылғы нәтиже |
---|---|---|
Әдістемелік нұсқауларды (Стандартты) әзірлей отырып, уранды жерасты шаймалау үдерістерінің жерасты суларына әсерін зерттеу |
| «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ КСС «Уран кенорындарының табиғи суларына ЖҰШ әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» стандарты әзірленді және қолданысқа енгізілді. Құжат уранның ЖҰШ жүзеге асыру кезінде және уран өндіруші кәсіпорындардың осы үдерісі аяқталғаннан кейін жерасты суларының жай-күйіне өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу тәртібін регламенттейтін болып табылады. |
Эквивалентті дозаны және сыртқы гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасының қуатын өлшеу және бақылау мүмкіндігімен гамма-сәулеленудің шекті дозиметрі негізінде радиациялық қауіпті факторлардың автоматтандырылған мониторингі жүйесін әзірлеу | Кешен мыналарды қамтамасыз етеді:
| «РКС01ИМ» жеке дозиметрлер негізіндегі автоматты мониторинг жүйесі әртүрлі жұмыс режімдерін тестілеу үшін «Қазатомөнеркәсіпі« ҰАК» АҚ тәжірибелікөнеркәсіптік пайдалануына 2021 жылғы 29 желтоқсанда енгізілді. |
Топ өз жұмыскерлерін инновациялық қызметке ұтымды ұсыныстарды беру, өңдеу, бағалау және қарау механизмдері арқылы тартады. ЕТҰ арасында өткізілетін оңтайландыру қызметі жөніндегі Конкурс оңтайландыру қызметі үшін қосымша ынталандыру болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жыл сайын еншілес және тәуелді ұйымдар арасында оңтайландыру қызмет конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
Іс-шара үш кезеңде өтеді:
Конкурс операторы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғылыми-технологиялық жобалар департаменті болып табылады.
2021 жылы өткен конкурстың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-нің тауарлық десорбаттарды ала отырып, құрамында уран бар жартылай өнімдерді кейіннен сата отырып қайта өңдеу». Экономикалық тиімділігі бар 2020 жылғы ең үздік ұтымды ұсыныс болып танылды.
«Семізбай-U» ЖШС-нің «ТУК-118 бар ТУХК сынамаларын іріктеу тәсілі және оны жүзеге асыру үшін үлгі-қақпақ» әлеуметтік немесе өзге де әсері бар ең үздік ұтымды ұсыныс болды.
«ҮМЗ» АҚ «Ермак кенорны концентратының фторынан байыту және жуудың технологиялық үдерісінде азот қышқылды сүзінді пайдалану» «Green Mindset – Жасыл ойлау» бастамасы аясындағы үздік ұтымды ұсыныс деп танылды.
«ҮМЗ» АҚ «Шегеннің ішкі бөлігін және адымдайтын табандығы бар пеш жылытқыштарының жағдайын көзбен шолып қарау үшін бейнебақылау камераларын қолдану» 2020 жылғы өндірістегі ең үздік сандық шешім болып танылды.
Оңтайландыру қызметінің қорытындысы бойынша үздік кәсіпорын «Семізбай» ЖШС болып аталды.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен және грамоталармен, ал үздік өнертапқыштар – «Үздік өнертапқыш» төсбелгісімен марапатталды.
2022 жылы топта ғылыми қызметті басқарудың жаңа тәсілін іске асыру аясында:
Сонымен қатар 2022 жылы «Идея бар!» идеяларды басқару жүйесін» іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ Компания ғылыми қызметке тартылатын ЕТҰ қызметкерлерінің ғылыми құзыретін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл бағыт ғылыми зерттеулер бойынша ЛКШ орындау шеңберінде ҒЗТКЖ сапасын жақсартуға ықпал етеді.