Қазатомөнеркәсіп – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-уран, сирек металдар, атом электр станциялары үшін ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы. Компания активтері түпкілікті өнім өндіру тізбегіне тартылған кәсіпорындардың барлық кешенін қамтиды.
табиғи уран
өндіру
уран өнімдерін
өндіру
геологиялық барлау
жұмыстары
сирек металдар
өндірісі
Қазақстанда орналасқан, жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдалана отырып өндіру жүргізілетін 26 кен орнында/учаскеде 14 өндіруші актив, оның ішінде:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы басты активтері
Кәсіпорын | Активтер сипаттамасы |
---|---|
Жер қойнауын пайдалану | |
Топтың Қазақстанның Шу-Сарысу және Сырдария провинцияларында орналасқан жалпы саны 17 уран алаңы/кен орны бар еншілес компанияларына өндіру құқығын беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар | 351,5 мың тонна UME – дәлелденген және ықтимал кен қорлары |
499,4 мың тонна UME – пайдалы қазбалардың өлшенген және болжамды минералды ресурстары | |
Шу-Сарысу, Сырдария және Солтүстік Қазақстан провинцияларында орналасқан 9 уран учаскелеріне/кен орындарына қатысты БК және топтың қауымдасқан компанияларына өндіру құқығын беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар | 273,9 мың тонна UME – дәлелденген және ықтимал кен қорлары |
285,0 мың тонна UME – пайдалы қазбалардың жалпы минералдық ресурстары (өлшенген, болжанатын және алдын ала бағаланған минералдық ресурстарды қоса алғанда) | |
Өндіріс | |
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Жылдық өнімділік:
|
Сауда | |
KazakAtom TH AG Сауда үйі | Уран саудасы |
Қосалқы кәсіпорындар | |
«СКЗ-U» ЖШС «SSAP» ЖШС |
680 мың тонна күкірт қышқылы-жиынтық жылдық өндірістік қуат |
«Волковгеология» АҚ | Геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылау жүргізу |
«Сауда-Көлік Компаниясы» ЖШС | Өндірістік активтерге қызмет көрсететін көліктік-логистикалық компания |
«Qorǵan-Security» ЖШС | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және онымен үлестес заңды тұлғалар үшін күзет қызметі |
«KAP Technology» ЖШС | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарын жергілікті және корпоративтік телефон байланысымен, деректерді берумен, УҚТ-радиобайланыспен қамтамасыз ету |
«Уранэнерго» ЖШС | Электр энергиясын беру және тарату, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Уран өндіруші кәсіпорындарын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау |
Ғылым, инжиниринг, білім беру | |
«Жоғары Технологиялар Институты» ЖШС | Қазақстанның атом саласындағы инновациялық дамуы, саланы технологиялық жаңарту, шығарылатын ғылымды қажетсінетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі көтеру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу, кейіннен сала кәсіпорындарына енгізе отырып, ғылыми зерттеулер мен жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізу, кадрларды даярлау және қайта даярлау |
Компанияның минералды активтері Қазақстанның негізгі төрт әкімшілік облысында орналасқан:
АЭС реакторлық қажеттіліктерін және коммерциялық және стратегиялық сипаттағы қорларды қалыптастыруды ескере отырып, уранға деген әлемдік сұраныс
,, k tUУранды ұсынудың әлемдік көлемі
,, k tUТабиғи уранның әлемдік
өндірісі
Споттық котировкалардың орташа
деңгейі
Уран саласының әлемдік нарығындағы маңызды оқиғалар
ЕО Жасыл таксономиясы |
Еурокомиссия деңгейінде атом энергетикасы мен табиғи газды «ЕО Жасыл таксономиясына» енгізу туралы шешім қабылданды. Атомдық энергия жобалары үшін таксономия шеңберінде радиоактивті қалдықтарды азайту бөлігіне шектеулер енгізіледі. Есепті жазу кезінде ескертулер болмаған жағдайда таксономияны қабылдау туралы акт 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деген шешім қабылданды. |
Қытай | Қытай үкіметі өзінің экономикалық мақсаттардың кең спектрін қамтитын және елдің энергетикалық инфрақұрылымын қалай дамытуды жоспарлап жатқандығы туралы жалпы түсінік беретін 14-ші бесжылдық жоспарын ратификациялады. Қытай 2020 жылмен салыстырғанда 40% деңгейінде ұлғайтуды көздей отырып, ядролық энергетиканы белсенді қолдауды жалғастыруда, бұл ретте 2025 жылдың соңына қарай ядролық энергетиканың шамамен 70 ГВт қуаты құрылатын болады. 2030 жылға қарай қуаттылықты 100 ГВт-қа дейін арттыру күтілуде. |
Климаттық стратегия | 2021 жылғы 31 қазан – 13 қараша аралығында БҰҰ-ның 2021 жылғы климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP 26) өтті. Елдер қабылдаған келісімге сәйкес, COP 26 жаһандық жылынуды 1,5°C-қа дейін шектеу парниктік газдар шығарындыларын тез, терең және тұрақты төмендетуді, соның ішінде көмірқышқыл газының шығарындыларын 2010 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай 45% төмендетуді талап етеді деп мойындайды. Климаттық пактіде қандай да бір технологиялар көрсетілмеген, алайда бұл шешімдер шығарындыларының төмен деңгейде болуына байланысты ядролық энергетиканы жедел енгізуді жанама түрде қолдайды. |
Қаржылық инвестициялық компаниялар | 2021 жылы уран өнімін түпкілікті тұтынушылардан басқа, физикалық уранды сақтауға шоғырланған және «дәстүрлі емес сұранысты» білдіретін қаржылық инвестициялық компаниялар тарапынан белсенділік байқалды. Ең маңызды оқиға Sprott Asset Management LP корпорациясының Uranium Participation Corporation (UPC) корпорациясын шілде айында сатып алуы және кейіннен Торонто Қор Биржасында Sprott Physical Uranium Trust (SPUT) компаниясының листингі болды. Сондай-ақ SPUT өзінің инвестициялық пайларын тұрақты негізде орналастырудан түскен қаржыны табиғи уранды сатып алу бойынша белсенді науқан үшін пайдаланды. |
Covid-19 | Әлем СOVID-19 пандемиясын бастан кешіруде, бұл ретте басты назар вакцинация және ревакцинация бойынша жаппай науқандарды жүзеге асыруға бағытталған. Пандемия бірқатар елдерде уран өндірісіне теріс әсер етті, өйткені кәсіпорындар жұмысшыларының денсаулығын сақтау үшін жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. |
Табиғи уран мен уран өнімін өткізу Компанияның кірісі мен пайдасының негізгі көзі болып табылады. Уранның нарықтық бағасы Қазатомөнеркәсіптің қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді.
Уран өнімінің нарықтық құны, кез келген тауар сияқты, сұраныс пен ұсыныс теңгерімімен айқындалады. Кез келген негізгі өндіруші сатқан уранның орташа сату бағасы жасалған келісімшарттардың түрлеріне және сату портфелінің құрылымына да (шарттар, әрбір келісімшартта пайдаланылатын баға формуласы, споттық және ұзақ мерзімді келісімшарттардың пропорциялары және т.б.) өте тәуелді.
Қазатомөнеркәсіп таяу жылдары атом энергетикасы көміртексіз базалық электр энергиясының сенімді көзі ретінде ортақ энергетикалық нарықтағы өз позициясын сақтап, нығайтады, бұл уранға сұраныстың артуына алып келеді деп күтеді. Бұл жағдай өзіндік құны төмен негізгі өндіруші ретінде Қазатомөнеркәсіп үшін айтарлықтай мүмкіндіктер береді.
2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 11,9 мың тонна уран өндірді, бұл әлемдік өндірудің баламалы 24%-на тең. Өндіруді қысқартуды жалғастыру жағдайында 2021 жылдың қорытындысымен бірқатар негізгі бәсекелестердің өндіруді қысқартуды жалғастыруына байланысты табиғи уранды өндіру бойынша әлемде I орынды Қазатомөнеркәсіп алады.
2021 жылғы тамызда Қазатомөнеркәсіп жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберіндегі жоспарланған деңгеймен салыстырғанда 2022 ж ылы өндіруді 20% қысқартуды жалғастыру ниеті туралы жариялады. Өндіруді қысқартуды тағы бір жылға ұзарту туралы осы шешімді іске асыру Қазақстанда уран өндіруді 2021 жылы күтілгендей деңгейде сақтай отырып, 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірісінің болжамды көлемінен 5 500 тоннаға азайтуға алып келеді.
Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы өндіруді іс жүзінде 2022 және 2023 жылдардағдай бұрынғы деңгейде сақтай отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жоспарланған көлемнен 20%-ға төмен болатын 2022 жылғы ұқсас деңгейде сақтауды жоспарлап отыр.
2021 жылы «Буденовское» БК» ЖШС өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға Буденовское кен орнының 6 және 7 учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша алды. 2021 жылдан бастап 2045 жылға дейінгі 25 жылдық кезеңге әзірленген жоспар Буденовское кен орнының 6 және 7 учаскелерін тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің ағымдағы кезеңін және одан әрі өнеркәсіптік игеруді, өндіру көлемін 2024 жылдан ерте емес 2 500 тонна уранға дейін ұлғайтуды және мүмкін болатын ең жоғары жылдық өндірістік қуатын 2026 жылдан ерте емес 6 000 тонна уранға дейін арттыруды көздейді. Пайдалануға берудің нақты мерзімдері мен өндірудің болашақ жылдық көлемдері жыл сайын қаралуға жатады, ал өндірістің нақты көлемдері Қазатомөнеркәсіп жүргізетін нарықтық жағдайды талдауға байланысты өзгертілуі мүмкін. БК бойынша серіктестердің жазбаша уағдаластықтарына сәйкес «Буденовское» БК» ЖШС-нің 2024 жылдан бастап 2026 жылға дейінгі кезеңдегі барлық күтілетін өндіріс көлемі оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық жағдайларда ресейлік азаматтық атом энергетикалық өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету үшін толық резервтелген.
2021 жылы Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретіндегі орнын сақтап қалды (өндірістегі тиісті үлестің негізінде). UxC деректеріне сәйкес, компанияның уран өндірісі 2021 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің 24%-ын құрады. Қазақстанның үлесіне 2021 жылы әлемдік уран өндірісінің 46% жуығы тиесілі.
COVID-19 пандемиясы Компанияның 2021 жылы сату бөлігіндегі міндеттемелерін орындауына әсер етпеді. Клиенттер алдындағы барлық шарттық міндеттемелер толық көлемде орындалды.
2021 жылы Компания сегіз елде 21 клиентке уран өнімін тікелей және швейцариялық «Trade House KazakAtom ТН AG» (THK) сауда еншілес компаниясы арқылы сатуды жүзеге асырды.
Қазатомөнеркәсіп бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне уран өнімдерін жеткізу үшін қауіпсіз, қорғалған және сенімді логистикалық шешімдерді енгізеді. Барлық уран өнімдерін тасымалдау 20 футтық герметикалық контейнерлерде темір жол және/немесе теңіз көлігімен жүзеге асырылады, бұл ретте мұндай жүк контейнерлерне белгіленген орынға жеткенге дейін күзет пен және айдауыл ілесіп жүреді. Барлық тасымалдарға уранды тасымалдаумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру жүзеге асырылады.
2021 жылы Қазатомөнеркәсіп U3O8 мен дайын өнімді клиенттердің қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес түрлі межелі орындарға жеткізді:
Конверторлар. Топ U3O8 Honeywell (АҚШ), Cameco (Канада) және Orano (Франция) сияқты компанияларға тиесілі лицензияланған конверсиялық кәсіпорындарға алдымен Қазақстаннан темір жолымен, әдетте Ресейдегі Санкт-Петербург портына, содан кейін теңіз көлігімен Америка Құрама Штаттарына, Канада, Еуропаның түрлі порттарына тасымалдауды жүзеге асырды, немесе содан кейін материал теміржол немесе автомобиль көлігімен өңдеу кәсіпорындарының объектілеріне көшірілді.
Қытай. Материалдарды Қытайға тасымалдау кезінде компания жүкті қазақстан-қытай шекарасының жанындағы Алашанькоу теміржол станциясына жеткізді.
Ресей. Алушы «Сібір химиялық комбинаты» АҚ («СХК») болып табылатын – Ресей Федерациясына жеткізулер кезінде Топ жүктерді темір жол көлігімен өз қызметі орнынан Томск-2 Ресей темір жол станциясына дейін жеткізуді жүзеге асырды.
Үндістан. Компания әдетте U3O8 Үндістанның баратын жерлеріне теміржол арқылы Ресейдегі Санкт-Петербург портына, содан кейін Үндістанның Мумбай портына теңіз көлігімен жеткізді. Клиент портта меншік құқығын алды және соңғы тағайындалған жерге тасымалдауды ұйымдастырды.
Аргентина. Клиент портта меншік құқығын алды және соңғы межелі жерге тасымалдауды ұйымдастырды.
Румыния. Жеткізу соңғы межелі пунктке дейін DDP шарттарында жүзеге асырылды U3O8 өнімін картада көрсетілген жерлерге жеткізудің орташа құны килограмм үшін 0,5-тен 3,5 АҚШ долларын құрайды. Топ мүмкіндігінше жеткізу мерзімін барынша азайту (материалдарды физикалық тасымалдау орташа есеппен 100 күнді алады, ал своп-келісімдер шеңберінде жеткізуге орташа есеппен 25 күн кетеді) және тасымалдауға арналған шығындар, сондай-ақ уран өнімін тасымалдаумен байланысқан тәуекелдерді төмендету үшін своп-келісімдер жасасады.
Миссиясы
Тұрақты даму қағидаттарына сәйкес компанияның барлық мүдделі тараптары үшін ұзақ мерзімді құндылық жасай отырып, уран кен орындарын игеру және қосылған құн тізбегінің компоненттерін дамыту
Пайымдалуы
Жаһандық атом өнеркәсібі үшін таңдаулы серіктес болу
Негізгі қызмет бойынша операциялық тиімділікті арттыруға, цифрлық трансформацияны жалғастыруға және корпоративтік басқару мен персоналды басқару процестерін жақсартуға бағдарланған 2021-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жоспары 2021 жылы 100% орындалды.
Стратегиялық мақсаттар | Негізгі нәтижелер |
---|---|
Қызметтің негізгі түріне назар аудару |
Компания 2021 жылы Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің
Кешенді жоспары аясында бірқатар бейінді емес активтерді сатты:
|
Нарық жағдайларын ескере отырып, өндіру, өңдеу және сату көлемін оңтайландыру |
|
Маркетинг функциясын күшейту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылықты құру |
|
Бизнес-қызметтің озық тәжірибелерін қолдану |
|
Сала көшбасшысына сәйкес келетін корпоративтік мәдениетті дамыту |
|
2021 жылғы трансформациялану қоржынының шеңберіндегі негізгі өзгерістер:
Екі жаңа іс-шара және бір жоба қосылды |
|
Үш жоба аяқталды |
|
Төрт іс-шара аяқталды |
|
Бір жоба және бір іс-шара операциялық қызметтен және портфельден шығарылды |
|
2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның трансформация портфелі келесіден тұрды:
5 жоба:
3 іс-шаралар:
Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында келесі жұмыстар жүргізілді:
Корпоративтік порталды жаңғырту аясында келесі жұмыстар орындалды:
12 ЕТҰ-да 3 АТ процесін тираждау бойынша жұмыстар жүргізілді. Тираж аясында мынадай процестер іске қосылды:
Ақпаратты қорғаудың ішкі корпоративтік рәсімдерін сақтау, қол жеткізу тәуекелдерін анықтау және компания қызметкерлері арасында өкілеттіктерді дұрыс бөлу үшін күрестегі негізгі құрал. Жұмыс барысында SAP бойынша Модульдердің иелері құрылымдық бөлімшелердің басшылары деңгейінде тағайындалды.
Жобаларды басқару процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді және жоба портфельдерін басқаруды айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ, жоба шеңберінде SAP BW/4HANA жаңа нұсқасына көшу арқылы SAS IPS және SAP РРМ, SAP РРМ және SAP ERP жүйелері арасындағы интеграция бойынша SAP/4HANA платформасына көшу бойынша жұмыстар орындалды. BW сонымен қатар SAP ERP-ден QCD-ге деректерді берудің аралық буыны болып табылады.
2021 жылдың мамыр айында S/4HANA платформасында SAP MDG пайдалануға берілді. Жоба шеңберінде жүйеде ТЖҚ жіктеуішінің көмегімен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер анықтамалығының (бұдан әрі – ТЖҚ) қысқаша және толық атауын автоматты түрде қалыптастыру, шоттардың жоспары мен шығындардың бастапқы түрлерінің анықтамалықтарын жүргізу, мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау, компаниялардың бизнес-бөлімшелерінің қатысуымен мастер-деректер бойынша өтінімдерді келісу процестері конфигурацияланған, интерфейс айтарлықтай оңайлатылды жүйелер және тағы басқалар. Мұның бәрі компанияның сатып алуына, өндірісіне, логистикасына және басқа да бизнес-процестеріне үлкен әсер ететін мастер-деректердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.
Трансформациялау тобы қоғамның мүдделі бөлімше- лерімен бірлесіп, корпоративтік орталықта да, қоғамның ЕТҰ-да да қызметкерлер жүзеге асыратын күнделікті операцияларды автоматтандыруға бағытталған RPA роботтарын әзірледі және енгізді. Қазынашылық, бухгалтерия, маркетинг, өнеркәсіптік қауіпсіздік және басқа да процестерді қамтитын 9 шешім енгізілді. Роботтандырудың негізгі бағыттары Ақпараттық жүйелер арасында деректерді беру, соның ішінде SAP ERP, сыртқы және ішкі порталдардан ақпаратты жинау және өңдеу, жедел есептілікті құру, ақпаратты салыстыру және валидациялау болып табылады. 2021 жылы RPA арқылы бизнес-процестерді роботтандыру тәртібін реттейтін ішкі нормативтік құжат әзірленді және енгізілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформациялау бағдарламасын орындау шеңберінде «Машиналық оқыту технологиялары негізінде кен денелерінің контурын анықтау құралын енгізу» жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның мақсаты – машиналық оқытуды және геостатистика алгоритмдерін қолдана отырып, кен денелерінің контурын жоспар түрінде модельдеу, нәтижесінде зерттелетін мәселе тұрғысынан геологиялық модельдеу процесін автоматтандыру. Осы жоба шеңберінде Қоғамның ішкі күштерімен геологтарға жинақталған тарихи деректерді пайдалана отырып, модельдеудің әртүрлі сценарийлерін іске қосуға мүмкіндік беретін «Контур» құралы әзірленді. ЕТҰ қызметкерлерімен бірлесіп таңдалған периметр шеңберінде құралды енгізу және сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
2021 жылы қосымша жобалар
Жоба сипатамасы | 2021 жылдың нәтижесі |
---|---|
Корпоративтік порталды жаңғырту | |
Корпоративтік мәдениетті, басшылық пен қызметкерлер, корпоративтік орталық пен ЕТҰ арасындағы коммуникацияны дамыту құралдарының бірікомпанияның IR және HR-брендін қолдаудағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын корпоративтік портал. Бүгінгі таңда бұл«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның ЕТҰ басшылыққа алатын басымдықтарға, қағидаттарға және нанымдарға қызметкерлердің тартылуын едәуір арттыруға қабілетті барынша өзекті пәрменді құрал. Осы мақсатта компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік порталының ақпараттық жүйесін жаңғырту жобасын іске асырды. |
|
AR & VR | |
«AR & VR» технологиясының арқасында пайдаланушы нақты өзара әрекеттесе алатын, берілген және бақыланатын кеңістік аясында үш өлшемді кескіннің немесе толық ортаның компьютерлік симуляциясы жасалады. Виртуалды шындықтың міндеті «батыру» әсеріне қол жеткізу. |
|
IDM | |
IDM енгізудің мақсаты әр түрлі корпоративтік ақпараттық жүйелердегі ақпараттық қауіпсіздіктің жетілу деңгейі мүмкіндік беретін құралды енгізу арқылы есептік жазбаларды орталықтан басқару мен құқықтарына қол жеткізу болып табылады |
Жүйені енгізу мынадай міндеттерді шешті:
|
Компанияның топ IT-архитектурасын дамыту және цифрландыру жобаларын іске асыру бойынша ауқымды жоспарлары бар. 2022 жылға жоспарланды:
Бизнесті трансформациялау нақты уақыт режимінде шешімдер қабылдаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, сондай-ақ саланың өнімділігін, икемділігін және серпінділігін арттырады, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті, кибер тұрақтылықты және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде ерекше назар аударуды талап етеді.
Киберқауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазатомөнеркәсіп ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының және ISO/IEC 27001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытуға ұмтылады.
«Ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың кешенді жүйесін құру» тетігін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму Стратегиясының «Бизнес-қызметінде озық практиканы қолдану» стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін «Цифрландыру және трансформация» стратегиялық міндетінің «Киберқауіпсіздікті енгізу және дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәулік бойы АҚ инциденттеріне мониторингті және жауап беруді жүзеге асырады, сондай-ақ АҚЖО және АҚҰҮО-мен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Кибермәдениет пен кибергигиенаны арттыру және жетілдіру мақсатында Топта тұрақты негізде жұмыскерлерді онлайн оқыту, оқу-жаттығу кибершабуылдары мен тақырыптық нұсқаулықтар өткізіледі.
Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету саласында қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін ішкі құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар ету үшін 2021 жылы ЕТҰ бірінші басшылары мен корпоративтік орталықтың желілік басшылары үшін интерактивті онлайн-оқыту өткізілді, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ барлық қызметкерлері үшін тақырыптық курс өткізілді.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы келісімдер шеңберінде кибергигиена және цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда, пандемия кезінде де, карантиннен кейінгі кезеңде де атом өнеркәсібін цифрландыру мәселелерін, АТ және АҚ жүйелерін дамыту жоспарларын талқылау үшін форумдар мен кездесулерге қатысу жүзеге асырылуда.
Қазатомөнеркәсіп қолданыстағы және дамып келе жатқан барлық IT-жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ киберқауіпсіздік деңгейін және өз қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді жалғастырады.
Сонымен қатар, Компанияның келесідей ниеттері бар:
World Nuclear Association (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық), Лондон, Ұлыбритания
Tantalum-Niobium International Study Center (Тантал және ниобийді зерттеу жөніндегі халықаралық орталық), Брюссель, Бельгия
The World Nuclear Fuel Market (Ядролық отынның әлемдік нарығы), Норкросс, Джорджия штаты, АҚШ
Nuclear Energy Institute (Ядролық энергетика институты), Вашингтон, Колумбия округі, АҚШ
World Nuclear Transport Institute (Дүниежүзілік ядролық тасымалдау институты), Лондон, Ұлыбритания
«Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
«Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
«KAZENERGY «Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
Компанияға «Орталық» ДП» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51%-ы тиесілі (Қытай Ұлттық ядролық энергетикалық тобына 49%-ы тиесілі). ЖШС Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мыңқұдық орталық кен орны учаскесінде және Жалпақ кен орнында қызметін жүргізеді.
Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылды, Центральный учаскесін өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды. Мыңқұдық орталық кен орнының учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2043 жылға дейін қолданылады.
Жалпақ кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру аяқталды. Өндіруге арналған келісімшарт 2021 жылғы 14 желтоқсанда жасалды. Уранды өндіру және өткізу құқығы 2042 жылға дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 37,2 мың тоннаны құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 37,2 мың тоннаны құрайды.
Компания «РУ-6» ЖШС жалғыз қатысушысы болып табылады.
2018 жылдың қараша айында Компания «РУ-6» ЖШС пайдасына Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарын игеру және жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін берді.
Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындары 1979 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды.
Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2022 жылғы 27 қарашаға13 дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 13,5 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 13,5 мың тонна уранды құрайды.
Компания «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС жалғыз қатысушысы болып табылады
2018 жылғы қарашада компания «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-ның пайдасына Қанжуған кен орны, Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігі және № 3 (орталық) учаскесінің солтүстік бөлігі, Мыңқұдық Шығыс кен орнының учаскесі және Уванас кен орны бойынша тиісті өндірістік активтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін берді.
Қанжуған кен орны 1972 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды. Қанжуған кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қолданылады.
Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігі 1976 жылы, № 3 (орталық) учаскенің солтүстік бөлігі 1974 жылы ашылды. № 1 учаскенің оңтүстік бөлігін өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы, № 3 учаскенің солтүстік бөлігін – 2017 жылы басталды.
№ 1 (Оңтүстік) учаскенің оңтүстік бөлігіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2000 жылғы 26 қыркүйекте жасалды. Уранды өндіру, барлау және өткізу құқығы 2021 жылғы 26 қыркүйекке дейін қолданылады.
2010 жылғы 31 мамырда № 3 (орталық) учаскенің солтүстік бөлігіне жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалды. Уранды өндіру, барлау және өткізу құқығы 2041 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.
Уванас кен орны 1963 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды. Уванас кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қолданылады.
Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылды, Восточный учаскесін өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды. Мыңқұдық Шығыс кен орнының учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 1996 жылғы 27 қарашада жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қолданылады.
Қазіргі уақытта уран өндіру Мойынқұм кен орнының №1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігінде және Уванас кен орнында қорлардың сарқылуына байланысты тоқтатылды. Аумақтарды мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 23,1 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 25,3 мың тонна уранды құрайды.
Компанияға «Аппақ» ЖШС жарғылық капиталындағы 65% қатысу үлесі тиесілі (Sumitomo Corporation 25%, the Kansai Electric Power Co. Inc. 10% тиесілі).
БК қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мыңқұдық Батыс кен орны учаскесінде жүргізеді.
Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылды, Батыс учаскесін өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.
Мыңқұдық Батыс кен орнының учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2035 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 16,3 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 16,3 мың тонна уранды құрайды.
Компанияның «Инкай» БК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 60%-ы тиесілі (Cameco-ға 40%-ы тиесілі).
Кәсіпорын өз қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Инкай кен орнының № 1 учаскесінде жүргізеді.
Инкай кен орны 1976 жылы ашылды, № 1 учаскені сынау 2002 жылы басталды.
Инкай кен орнының № 1 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісім-шартты «Инкай» БК» ЖШС 2000 жылғы 13 шілдеде жасады. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2045 жылғы 13 шілдеге дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 131,3 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 151,8 мың тонна уранды құрайды.
«Байкен-U» ЖШС Компанияға 52,5% тиесілі, Energy Asia (BVI) Limited арқылы тікелей үлесі 5% және 47,5%.
БК қызметін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-2 учаскесінде жүргізеді.
Кен орны жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіру бойынша Қазақстандағы ең терең кен орны болып табылады.
Солтүстік Харасан кен орны 1972 жылы ашылды, учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2010 жылы басталды.
Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-2 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2006 жылғы 1 наурызда жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2058 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 17,0 мың тоннаны құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 17,0 мың тоннаны құрайды.
Компанияға «Семізбай-U» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51% тиесілі (Қытай Ұлттық ядролық энергетикалық тобына 49% тиесілі).
БК қызметін Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Иркөл кен орнында және Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Семізбай кен орнында жүргізеді.
Иркөл кен орны 1976 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды. Иркөл кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 14 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2030 жылғы 4 наурызға дейін қолданылады.
Семізбай кен орны 1973 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 2009 жылы басталды. Семізбай кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2006 жылғы 2 маусымда жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2031 жылғы 2 маусымға дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 24,2 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 24,2 мың тонна уранды құрайды.
Uranium One Netherlands B. V. компаниялары (Росатом тобына кіреді) «Қаратау» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 50% үлесінен тиесілі.
ЖШС Түркістан облысы Созақ ауданындағы Буденновское кен орнының № 2 учаскесінде қызмет атқарады.
Буденов кен орны 1979 жылы ашылды, № 2 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.
Буденовское кен орнының № 2 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2040 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 38,7 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 38,7 мың тонна уранды құрайды.
Компания «Хорасан-U» БК» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 50% үлесіне тиесілі (Uranium One Utrecht B. V. (Росатом тобына кіреді) 30% тиесілі, Energy Asia Holdings Ltd 20%-ға тиесілі).
«ХОРСАН-U» БК» ЖШС Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-1 учаскесінде қызметін жүргізеді.
Солтүстік Харасан кен орны 1972 жылы ашылды, Хорасан-1 учаскесін өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.
Солтүстік Хорасан кен орнының Хорасан-1 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2058 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 36,6 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 36,6 мың тонна уранды құрайды.
Компанияға және Uranium One Amsterdam B.V.-ға (Росатом тобына кіреді) «Ақбастау» БК» АҚ акциялары теңдей 50%-дан тиесілі.
АҚ Түркістан облысы Созақ ауданындағы Буденовское кен орнының №1, №3 және № 4 учаскелерінде жұмыс істейді.
Буденов кен орны 1976 жылы ашылды, № 1, № 3 және № 4 учаскелерді өнеркәсіптік пайдалану 2012 жылы басталды.
Буденов кен орнының № 1, № 3 және № 4 учаскелерін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар 2007 жылғы 20 қарашада жасалды. № 1 учаскедегі уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2037 жылғы 20 қарашаға дейін, № 3 және № 4 учаскелерде – 2038 жылғы 20 қарашаға дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 37,9 мың тоннаны құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 37,9 мың тоннаны құрайды.
Компания және Uranium One Holland B. V. (Росатом тобына кіреді) «Заречное» БК» АҚ акциялар 49,98%-дан тиесілі, «Қарабалта тау-кен комбинаты» АҚ акциялардың 0,04% тиесілі.
БК қызметін Түркістан облысы Отырар ауданындағы Заречное кен орнында жүргізеді.
Заречное кен орны 1977 жылы ашылды, кен орнын өнеркәсіптік пайдалану 2007 жылы басталды.
Заречное кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2002 жылғы 23 қыркүйекте жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2025 жылғы 23 қыркүйекке дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 5,2 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 5,8 мың тонна уранды құрайды.
Компанияға «КАТКО» БК ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 49%-ы тиесілі (Orano (бұрын AREVA) 51%-ы тиесілі).
БК қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің солтүстік бөлігінде және № 2 (Төртқұдық) учаскесінде жүргізеді.
2017 жылдың сәуірінде компания мен Orano келісімге келді, оның аясында 2022 жылдан бастап Компания бірлескен кәсіпорын бөлген пайданың 60%-ын алады.
Мойынқұм кен орны 1976 жылы ашылды, № 1 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2001 жылы басталды.
Мойынқұм кен орнының № 1 (Оңтүстік) учаскесінің және № 2 (Төртқұдық) учаскесінің солтүстік бөлігін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2000 жылғы 3 наурызда жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2039 жылғы 4 наурызға дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 52,4 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 54,9 мың тонна уранды құрайды.
Компанияға «Оңтүстік тау-химия компаниясы» БК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 30% тиесілі (Uranium One Rotterdam B. V., Росатом тобына кіреді, 70% тиесілі).
БК қызметін Ақдала кен орнында және Түркістан облысы Созақ ауданындағы Инкай кен орнының № 3 учаскесінде жүргізеді.
Ақдала кен орны 1982 жылы ашылды, өнеркәсіптік пайдалану 2004 жылы басталды. Ақдала кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2001 жылғы 28 наурызда жасалды. Уранды өндіру, барлау және өткізу құқығы 2026 жылғы 28 наурызға дейін қолданылады.
Инкай кен орны 1976 жылы ашылды, № 4 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2007 жылы басталды. Инкай кен орнының № 4 учаскесін игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2029 жылғы 8 шілдеге дейін қолданылады.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 77,9 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 80,0 мың тонна уранды құрайды.
Компанияға «Буденовское» БК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51%-ы тиесілі («Степногорск тау-кен химия комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 49%).
БК қызметін Түркістан облысы Созақ ауданындағы Буденновское кен орнының 6 және 7 учаскелерінде жүргізеді.
Буденов кен орны 1976 жылы ашылды, № 6 және 7 учаскелерді өнеркәсіптік пайдалану 2022 жылға жоспарланған.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындары кен қорларының жиынтық көлемі (баланстық қорлардың өсімін қоса алғанда) 114,2 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 114,2 мың тонна уранды құрайды.