2021 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
  1. СӘУІР

    Компания «Қазатомөнеркәсіп-Даму» ЖШС-ін таратты

    2021 жылғы 22 сәуірде China General Nuclear Power Corporation (бұдан әрі – «CGNPC») еншілес кәсіпорнының пайдасына «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын сатып алу-сату шартына қол қойылды

  2. МАМЫР

    «Үлбі-ТВС» ЖШС зауыты CGNPC-URC компаниясы зауытының өнімін сатып алушыдан 2022 жылы жеткізу мерзімімен ҚХР-дағы АЭС-қа ТВС жеткізуге алғашқы тапсырыс алды

  3. ШІЛДЕ

    2021 жылғы 15-22 шілде кезеңінде Компания 150,1 млрд теңге (немесе бір жай акцияға есептегенде 578,67 теңге (бір ҒДҚ бір жай акцияға тең) сомасындағы дивидендтер төледі

  4. ТАМЫЗ

    2021 жылғы 12 тамызда Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Компанияның рейтингін «Baa3»-тен «Baa2»-ге дейін көтерді. Компанияның болжамы «Тұрақты» болып қалады

  5. ҚЫРКҮЙЕК

    2021 жылғы 23 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 65-ші жыл сайынғы Бас конференциясы шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ АЭХА Вена тобының негізін қалаушылардың бірі болды

    2021 жылғы 24 қыркүйекте «Үлбі-ТВС» ЖШС зауыты Framatome компаниясымен бірлесіп ТВС өндірісін сертификаттаудан сәтті өтті және AFA 3G АА дизайнындағы ТВС өндірісін сертификаттау туралы Сертификат алды

  6. ҚАЗАН

    2021 жылғы 29 қазанда «Үлбі-ТВС» ЖШС зауыты ҚХР-ға АЭС-қа ЖБҚ жеткізу үшін CGNPC-Uranium Resources Co. қытай компаниясының сертификатталған жеткізушісі болып танылды

  7. ҚАРАША

    Компания 2021 жылғы 5-10 қараша аралығында ҚХР, Шанхай қаласында өткен China International Import Expo 2021 көрмесіне виртуалды форматта қатысты. Осы іс-шара шеңберінде Қазатомөнеркәсіп табиғи уранның қазақстандық концентратын жеткізуге екі келісімшарт жасасты, оның біреуі China National Uranium Company Limited-пен, ал екіншісі – State Nuclear Uranium Resources Development Company Limited-пен жасалды

    Компания Genchi Global Limited компаниясымен ANU Energy OEIC Ltd. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында тіркелген табиғи уран қорына инвестициялау үшін негіздемелік келісімге ресми түрде қол қойды

    2021 жылдың 10 қарашасында «Үлбі-ТВС» ЖШС зауытының салтанатты ашылуы өтті

    19 қарашада еншілес кәсіпорындардағы қатысу үлесінің 100%-ы іске асырылды – KazPV жобасы («Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС, «Astana Solar» ЖШС және «MK Kazsilicon»ЖШС)

  8. ЖЕЛТОҚСАН

    2021 жылы жүргізілген тәуелсіз диагностика қорытындысы бойынша Компанияның корпоративтік басқару рейтингі «BBB» деңгейінен «А» деңгейіне дейін көтерілді

    «Хорасан-U» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС-да машиналық оқыту технологиялары негізінде кен денелерінің контурын анықтау құралы енгізілді

    2021 жылғы 30 желтоқсанда Компания мен «Каустик» АҚ-ның мажоритарлық акционерлерінің бірі – «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі ЖШС арасында «Каустик» АҚ акциялар пакетінің 40% сатып алу-сату шарты жасалды

    «Буденовское» БК» ЖШС өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға Буденовское кен орнының 6 және 7 учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша алды

    Компания Жалпақ кен орнында уранды өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыру үшін жер қойнауын пайдалануға келісімшарт алды, ол «Орталық» ӨК» ЖШС-ға берілді

KZ RU EN